Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – қымыздың денсаулыққа шипасы туралы білеміз. Ал қымыз құрамындағы қатерлі ісікті жоятын химиялық заттар жайлы біле бермеймін. Сол жөнінде толық дәйектер келтіріп бере аласыздар ма?
Ерболат ИСАНОВ, Батыс Қазақстан облысы
Бие сүтінде лактоферрин атты ақуыз түзіледі. Бұл зат жөнінде толығырақ қымызды зерттеуші Зұлхарнай Сейітов былай дейді:
«Қазір бұл ақуыздан Ресей ғалымдары қатерлі ісікке қарсы дәрі жасауда. Ақуыздың бір грамының құны – 4 мың АҚШ долларына тең. Сегіз-тоғыз жыл бұрын Алматыда моңғол ғалымдарының қатысуымен өткен басқосуда қымыздың пайдасы жөнінде баяндама жасаған едім. Сонда Моңғолия Ғылым академиясының президенті тұрып: «Егер сен қымыз өндірісін дамытсаң, дүниежүзіндегі ең бай адам боласың. Неге екенін білесің бе?» – деп сұрады. Менің жауабым дайын еді, «лактоферриннен дәрі жасасақ, әрине, бай боламыз» деп жауап бердім. Сөйтсем, Моңғолиядан Швеция лактоферриннің 1 грамын 150 долларға сатып алады екен. Ал сол 1 грамды дәріге айналдыру арқылы олар 10 мың доллар пайда тауып отыр».
Қымыздан құнды дәрі жасауға болады
Последние статьи автора