Құжат кеш тапсырылса да жөргекақысы беріле ме?
Мен осы жылдың сәуір айында бірінші баламды дүниеге әкелдім. Жөргекақы алу үшін қажетті құжаттарды әлі өткізген жоқпын. Арадан үш ай өтіп кетті. Менің білейін дегенім, қанша уақыт ішінде құжат өткізу керек? Енді жөргекақыны ала аламын ба?
Тұйғынай Тұранова, Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мамандарының айтуына қарағанда, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бала туғанда берілетін жәрдемақы мен бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындатуға өтініш беру мерзімдері бала туған күннен бастап 12 айдан аспауға тиіс. Жәрдемақы тағайындау тәртібі: 1. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады. 2. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап, ол бiр жасқа толық толғанға дейiн тағайындалады.