Құс тұмауынан сақтанудың жолдары қандай?

Мал еті қымбат болғандықтан, базардан, дүкеннен құс етін жиі сатып аламыз. Алайда биыл Қытай елінде құс тұмауының қайта шығып, адам өліміне соқтырып жатқан фактілер жайлы теледидардан естіп жатырмыз. Осы орайда «сақтансаң сақтаймын» дегенді ескеріп, қандай сақтық шараларына аса көңіл бөлуге кеңес бересіздер?
Қайырғали ҚОЖАХМЕТОВ,
Алматы облысы
Күләш ШЫНЫБАЕВА, дәрігер-педиатр:
– Құс тұмауының жоғары патогенді Н5 N1 вирусы – бүгінгі таң­да індеттің пайда болуына себепкер болатын штамм. Індет бала­ларға аса қауіпті. Ауруға көбінесе балалардың шалдығуы бала ағза­сының ерекшеліктері мен олардың арасындағы қарым-қаты­нас­тардың көп болуымен байланысты. Егер Н5N1 вирусы адам тұма­уы­на қосылса, ол адам өміріне қауіп төндіреді. Әлем­де­гі құс ауруынан қайтыс болғандардың жартысы – балалар. Ауру­дың болжамды себептерінің бірі – үй құстарын күтумен байланысты. Сон­дықтан балаларды тұмаудан сақтандыру – ата-ана­лар­дың міндеті. Осы сәуір айында Қытай Халық Республикасының Шанхай айма­ғын­да құс тұмауынан (Н7N9) алты адам қайтыс болды.
Жалпы, тұмау індеттерінің алдын алуда мыналарды ескерген жөн:
1. Балаларға жабайы және үй құстарын ұстауға рұқсат бермеу.
2. Ауру және өлі құстар жөнінде лезде малдәрігерлік қызметіне хабарлау.
3. Құс етін пісіргенде алдымен жақсылап жуып, бір сағаттан астам, жұмыртқаны кем дегенде 15 минут қайнату қажет.
4. Дүкеннен құс етін сатып алғанда сапасы туралы сертификат талап ету керек.
5. Базардан құс етін сатып алғанда ветеринарлық, санитарлық дәрігердің берген рұқсатын талап етіңіз.
6. Көше-көлденеңде құс етін сатып алуға мүлдем болмайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста