Құрылтайда қандай мәселе көтерілді?

Алашорда тарихында Орынборда өткен 1917 жылғы Құрылтай туралы көп айтылады. Алаш қайраткерлері осы құрылтайда ұлтымызға қатысты қандай мәселелерді көтерген? Осы жөнінде қысқаша мәлімет берсеңіздер.
Нұрболат МАҚАНҰЛЫ,
Өскемен қаласы

Екінші бүкіл қазақ-қырғыз Құрылтайы деген атпен белгілі бұл үлкен жиын –1917 жылы 5–13 желтоқсан аралығында Орын­­­­бор қаласында өткізілді.
Құрылтайды Ә.Бөкейханов, А.Байтұр­сынов, М.Дулатов, Е.Омарұлы, С.Дос­жа­нов ұйымдастырды. Төрағасы Б.Құл­манов болды.
Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерінің іс-әрекет­терін айқындап алу үшін ұлттық интелли­ген­ция бастаған қазақ қоғамы құрылтайға қатысты. Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әртүрлі қазақ ұйым­дары­ның атынан – 8 делегат және арнайы шақырумен – 15 адам қатысып, барлығы – 81 делегат келген. Құрылтайдың күн тәр­тібіне 10 мәселе қойылды:
1. Сібір жайы;
2. Түркістан автономиясы және Оң­түстік-Шығыс Одағы туралы;
3. Қазақ-қырғыз автономиясы;
4. Милиция туралы;
5. Ұлт кеңесі;
6. Ұлт қазынасы;
7. Мүфтилік мәселесі;
8. Халық соты;
9. Ауылды басқару;
10. Азық-түлік мәселесі.
Алғашқы баяндаманы Ә.Бөкейханов жасап, ол жөнінде қаулы қабылданған. Қаулы негізінде – қазақ автономиясы, милиция (әскер жасағы) және Ұлт кеңесі мәселелерін қарауға жеті кісілік комиссия құрылған. Құрылған комиссия атынан Халел Ғаббасов автономия, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама жаса­ған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста