Мен әншiлердiң iшiнде Құрманбай Махановты ерекше жақсы көрiп тыңдаушы едiм. Себебi оның әндерiнiң сөзi мағыналы, әуенi де нағыз «құлақтан кiрiп, бойды алатын» тылсым сырға толы. Бiрақ соңғы кездерi Құрмаш не теледидардан, не сахналардан көрiнбей кеттi. Ол қазiр қайда жүр? Әншiлiктi тастап кеткен жоқ па?
Әлия БАҒДӘУЛЕТҚЫЗЫ
Құрманбай Маханов – шынында да, әншiлердiң iшiнен өзiнiң ерекше үнiмен қатар, жiбектей есiлген мiнезiмен, имани нұры тамып тұрған жүзiмен ерекшеленетiн жан. Бiрнеше жылдан берi оның дiнге бет бұрып, мұсылмандық жолға түскенi жүрiс-тұрысынан бөлек әндерiнен де байқалған-ды.
Өзiнiң отандық басылымдардың бiрiне берген сұхбатында «Құрмаш Құрмаш болмай тұрып-ақ дiн жолына бет бұрған. Негiзi, Алматыға 1997 жылы келдiм. Алматыға келмей тұрып, 1995 жылы намазға жығылдым. Содан болса керек, әншiлермен бас қосқанда, өзiмдi бос ұстай алмаймын және өз орнымды ондай ортадан таба алмаймын. Әншiлер мен отырған жерде әзiл-қалжың, қысыр сөз айтуға қымсынып тұрады» деген Құрманбай Махановтың соңғы кезде көрiнбей кетуiнiң себебi ол өзiнiң ислами бiлiмiн жетiлдiру және араб, ағылшын тiлдерiн үйрену мақсатында Мысыр елiне үш жылға оқуға кеттi. Келген соң, бiрыңғай дiни әндерге бет бұрмақ.
Құрманбай Мысырда оқып жүр
Последние статьи автора