Баз біреулер құрбандыққа шалынған малдың етін өзі жеуі дұрыс емес десе, енді біреуі таратып берген дұрыс емес, – дейді. Жалпы, құрбандыққа қандай мал шалынуы керек және оның етін тарату дұрыс па?
Самат Әбілдин, Қостанай облысы
Құрбандыққа шалынатын малдың бар мүшесі түгел, ауру-сырқаудан аман болуы тиіс. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе малы шалынады. Қой мен ешкіні бір кісі, сиыр мен түйені жеті кісі бірігіп шалуына болады.
Құрбандыққа шалған малдың етін құрбандық иесінің өзі жеуіне немесе тұрмысы ауыр отбасына беруіне болады. Абзалы бір бөлігін садақа үшін пақырға, екінші бөлігін туған-туысқа, үшінші бөлігін өз бала-шағасына қалдырғаны жөн.
Құрбандыққа мал шалу – уәжіп. Бұл туралы Құранда: «Олай болса, Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал» деп бұйырған. Құрбандыққа мал шалу жайлы сүреде «құрбандыққа шалынған малдың қаны пенденің біліп, білмей жасаған күнәларын кешіруге септігін тигізеді» делінген.
Құрбандыққа мал Құрбан айтының бірінші, екінші, үшінші күндері шалынады және ол Құрбан айт намазы оқылғаннан кейін амалға асырылады.
Құрбандыққа қандай мал шалынады және оның етін таратуға бола ма?
Последние статьи автора