Құрбандық шалғанда, әркім өз білгенін оқып, тіпті ештеңе білмегендер «әумин» деп бетін сипап малды бауыздай береді. Менің білгім келгені, құрбандық шалудың тәртібі, ережесі қандай?
Асқар Төлентаев, Қарағанды облысы
Құрбандыққа шалынатын малдың басы құбылаға қаратылып, арнайы дұға оқылады. Үш рет: «Аллаһу акбар, Аллаһу акбар, ләиллаха, иллаллаһу, Аллаһу акбар, Аллаһу акбар уа лиллахил хамд» деп тәкбір айтылады.
Ниет былайша білдіріледі: «Я, раббым! Бұл пендеңнің саған қарсы келіп қателік жасаған кезі болса, назалы да наразы сөзі болса, соның бәрін кешіре гөр. Өзімді құрбандыққа шалар едім, оған сенің ықтиярың жоқ. Өзің бекіткен шариғатта құрбандыққа адам шалуға болмайтындықтан, өзімнің орныма ақ адал малымды шалып отырмын».
Сосын «Ей, Алла, бізден досың Ибрагим, сүйіктің Мұхаммедтен қабылдағандай қабыл ал» деп дұға айтылады.
Осыдан кейін мал бауыздалынады. Қаны толық ағып кетпей тұрып, екі рәкат намаз оқылады. Бірінші рәкатта бір рет Фатиха, он рет Ықылас сүресі оқылады.
Құрбандық шалу тәртібі қандай?
Последние статьи автора