Құрбандық шалу дәстүрі ежелгі түркілерде қалай аталған?

«Құрбандық шалу дәстүрі ежелгі түркілерден бастау алған» дегенді естідім. Бұл дәстүр қалай аталады?
Медет ҚОСЫЛҒАНОВ,
Астана
Д.Банзаров пен К.Яковлевтің пікір­лерін негізге алған Л.Гумилев тағыр-тайық әдет-ғұрпы бойынша түркілердің көк Тәңірге сыйынуы аруақтарға сыйынуынан жоғары тұрады деп есеп­тейді. Тағыр-тайық дәстүрінде бүкіл қауым ерлері жиылып, тәңірі құрметіне құрбандық шалады. Сойылған мал еті түгел таратылып, құрбандықтың аяғы үлкен тойға ұласады. Л.Гумилев тағыр-тайық дәстүрінде адам рухынан жоғары құдірет күшіне табынушылыққа баса назар аударып, ол құдірет күшін «жа­рық» деп көрсетеді. Ақыл-ойға тәуел­сіз адам өміріндегі рухани қажет­тіліктер «тағыр-тайық» іспетті құрбан­дық шалу­мен толысады. Бұл қажеттілік адамның психологиялық әлсіздігінен туындаған әрекет емес, оның мәні одан да тереңде жатыр. Сонымен  түркілер – көкке, Күн мен Айға жоғары­дан шапағат беретін күш есебінде табыну­мен қатар, ата-баба рухын да қастерле­ген. Адам жер мен көктің аясында дүниеге келіп, соның аясында өмірден өтеді. Яғни тәні жер-ана қой­науына қойылса, рухы көкке көтеріледі. Осы сәттен бастап барлық құдірет күшінен тәуелсіз аруаққа айналады. «Аруақтар өзінің ұрпақтарына қиын­шылықта сүйенер сүйеніш болған. Сондықтан соғыс шайқасына кіргенде, ат бәйгеден келе жатқанда және палуан күресінің жұлқысында ата-бабалары­ның атын ұран етіп шақырып, олардың аруағынан медет күткен». Тәңірге шалынған құрбандық ата-баба рухына да тиесілі етілген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста