Қураған ағашты кесу үшін де рұқсат алу керек пе?
Менің ауламның сыртында үйге қарай қисайып, қауіп төндіріп тұрған қураған ағаш бар. Оны кесу үшін арнайы рұқсат алуың керек дейді біреулер. Осы рас па?
Асылхан, Алматы қаласы
Бұл сұраққа Алматы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Айбар Мырзалиев жауап береді:
– 2008 жылы шiлдеде Алматы қалалық мәслихат пен басқарма бiрiге отырып, ереже қабылдаған болатын. Сол ережеге сай, аула iшiндегi ағаштарды ешқандай рұқсатсыз кесе беруiңiзге болады. Ал егер ағаш аула сыртында болса, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының рұқсатын алуыңыз қажет. Ол үшiн бiздiң басқармаға келiп, өтiнiш жазасыз. Сонымен бiрге өзiңiздiң құжатыңыз және тұратын үйiңiздiң толық құжаты болуы тиiс. Өтiнiш бiр айдың iшiнде қаралып, тиiстi жауап берiледi. Бiзден алған рұқсатпен аудандық әкiмшiлiктегi көрiктендiру бөлiмiне барасыз. Бұл қызмет тегiн. Ал егер өз мүмкiншiлiгiңiз болса, өзiңiз кесуiңiзге де болады. Бiрақ кесiлген ағаштың орнына бiз нұсқаған ағашты отырғызуға мiндеттiсiз. Ал рұқсатсыз кессеңiз, 10 ағаш отырғызасыз. Егер де қалалық көгалдандыру мекемесiнiң қызметiне жүгiнсеңiз, ол ақылы.