Шәкіртақы алатын карточкамның ПИН-кодын ұмытып қалдым. Енді не істеймін?
Бота Серікқызы, студент
Жеке идентификациялық нөмірді (ЖИН) тек сіз ғана білесіз. Егер оны ұмытып қалып, карточкаңызды банкоматқа салғанда үш рет қате сандарды терсеңіз, ол автоматты түрде істен шығады. Сондықтан ПИН-кодты ұмытсаңыз, дереу арада банкке барып, мән-жайды түсіндіріп, қайтадан жаңа карточка алу үшін құжат тапсыруға кеңес береміз. Жаңа карточканы алуға көп дегенде бір апта уақыт кетеді.
Негізі, ұмытшақ адамдар көбіне мұндай құпия сандарды қалталы телефондағы тізімге лақап бір аттың ішіне сақтап қояды. Мүмкін, сізге де ендігі жолы сондай амалға жүгінген дұрыс шығар.