Қазір көшеде плеер тыңдап, жұмыста да құлаққаппен жұмыс істейтін болдық. Оны ұзақ пайдалану зиян емес пе?
Таңшолпан АТАБАЙ, Семей
Мамандар құлаққапты ұзақ уақыт бойы қолдану құлақтың есту қабілетін төмендетеді деп дабыл қағуда. Оған қоса құлаққапты ұзақ пайдалану қан қысымын көтеріп, бас ауруына әкеп соғады. Зейін қою қабілетіңіз де төмендеп, жүйке жүйесі бұзылады. Бір не одан да көп сағат музыка тыңдаған адам нәтижесінде мән бермейтін әрі ашушаң болып тұрады. Сәл де болса өзіңізді қауіптен арашалау үшін қымбат әрі сапалы құлаққап алғаныңыз абзал. Оған қоса «тамшы» құлаққаптардан аулақ болыңыз, олар дыбысты құлақтың дәл түбінен жарғаққа әкеп соғады.
Егер 40-қа жетпей құлаққапты есту аппаратына айырбастағыңыз келмесе, мына кеңестерді есте сақтаңыз:
– Дыбыс деңгейі 60 пайыздан аспауы керек. Максималды деңгейге жеткізбеңіз.
– Айналаңыздағылардың сөзін ести алсаңыз, онда дыбыс деңгейі қалыпты.
– Қасыңыздағы адамдарға сіз тыңдап отырған музыка естілмеуі керек.
Құлаққаптың зияны
Последние статьи автора