Құлаққаптың сіз білмейтін қауіптері

Құлаққаптарды өте белсенді пайдалану олардың ағзаға тигізер әсерін зерттеуге себеп болып отыр. Көптеген мамандар музыканы тыңдаудың мұндай әдісі адамның есту қабілетіне зиян келтіретінін айтады.

Музыканы құлаққап арқылы тыңдау өте ыңғайлы. Себебі, бұл айналадағылар үшін ыңғайсыздық туғызбайды және сүйікті композициялардан толық ләззат алуға мүмкіндік береді. Сондықтан көптеген адамдар серуендегенде, бос уақытта немесе спортпен шұғылдану кезінде құлаққаптарды пайдаланады. Бұлай жасау әуел баста жастардан көп байқалатын болса, қазір егде жастағы адамдар да жастардан қалысар емес.

Құлаққаптардың кері әсер ету себептері

• Музыканы динамиктер, колонкалар немесе басқа құрылғылар арқылы тыңдау қауіп төндірмейді, өйткені дыбыстық толқындар реттеуге ұшырап, құлаққа табиғи жолмен енеді. Ал, құлаққаптардың зиянды әсері құлаққа бөгде затты орналастырудан емес, дыбыстың тікелей берілуінен болады екен.

• Музыканы тыңдау кезінде ағзадағы дыбыстық шабуылдардан сақтау механизмі іске қосылады. Ал бұл процестің көп қайталанауы, есту қабілетінің төмендеуіне себеп болуы мүмкін.

• Зерттеушілер зиян құлаққаптарды пайдаланудан емес, музыканың дыбысын тым қатты қойып тыңдаудан пайда болады деген пікірде. Ал дәрігерлер құлаққапты телефонға жалғап тыңдау басқаларға қарағанда қатты зиян тигізеді деген пікір білдірген.

• Құлаққаптағы дыбыс деңгейі есту қабілетіне қарама-қарсы болады. Себебі, дыбыс деңгейін арттыру дыбыс толқынымен берілетін қысым мен энергияның өсуіне әкеледі. Ал қатты қысымға көп ұшыраған адам құлағының есту қабілеті тез нашарлайды. Есту қабілетінің нашарлауы емделмейтін ауру болып есептеледі. Оның бастапқы сатыларында дәрі-дәрмектермен емделуі мүмкін, бірақ оның әсері 3-4 тәулікке ғана жетеді. Ал өршіген аурудың емі – тек есту аппараты болып қалады.

Құлаққап түрлерінің тигізетін зияндары. Тығыздағышпен жабдықталған құлаққап 

Бұл құлаққаптар есту жолына орналастырылады. Ұштары резеңке тығыздағыштармен жабдықталған, соның арқасында құлаққаптар құлаққа тығыз бекітіледі. Мұндай құрылғыларды пайдаланғанда, акустикалық толқындар барабан тесігі арқылы айтарлықтай соққымен тыңдалады және бұл денсаулыққа теріс әсер етеді. Осы себепті дәрігерлер мұндай модельдерді адам үшін ең зиянды деп таниды.

"Таблеткалар" 

Бұл ең көп таралған құлаққап түрі болып табылады, себебі олар телефонмен бірге сатылады. Оларды пайдалану кезінде барлық дыбыс есту жолына енеді. Ал құлаққаптан шыққан дыбыс толқындары есту жолының қабырғаларына көп соқтығысып, зиянын тигізеді. 

Үлкен құлаққаптар 

Бұл құлаққаптар құлақтың сыртында тұрады және пайдалану кезінде дыбыс оқшаулау, сапасы өте төмен болады. Ал, жазбаны анық есту үшін дыбысты қатты қою есту қабілетіне зиян келтіруі мүмкін. 

Мониторингтік құлаққап 

Бұл түрі үлкен жапсырмалар түрінде жасалған, олар құлақ көлемін толығымен жабады. Одан шыққан дыбыс есту жолына еніп, оның қабырғаларына бірнеше рет қатты соқтығады. Мұндай құлаққаптарды пайдаланудың зияны ең аз болып саналады. 

Техникалық құрылғыны таңдау кезінде олардың әрқайсысы денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін екенін есте сақтаған жөн. 

Акустикалық толқындардың орталық жүйке жүйесіне әсері 

• Құлаққапты көп пайдалану орталық жүйке жүйесіне де теріс әсер етеді. Егер, құлаққап әсерінен орталық жүйке жүйесінің жұмысы бұзылса, адам бойында тітіркенгіштік, жындану, эмоциялық тұрақсыздық, ұйқының болмауы, бас ауруы және т.б. жағымсыз өзгерістер орын алады. 

• Құлаққаптағы дыбыс деңгейінің артуы күйзелістің, яғни адреналин мен кортизол гормондарының күрт өсуіне әкеледі. Бұл айтарлықтай физиологиялық ауытқуларға ұшыратады. Сондай-ақ, жоғары жиіліктегі қатты дыбыстардың, ауыр музыканың есту мүшелеріне ұзақ әсер етуі психиканың бұзылуына және тежеуге соқтырады екен. Әрине, жақсы гаджеттерді пайдаланудың да өз артықшылықтары бар, соның арқасында олар үлкен танымалдыққа ие болған. Бұл – өнертабыстың нәтижесі. Бірақ құлаққаптарды пайдалану кезінде белгілі бір ережелерді ескеріп, кеңестерге құлақ асқан дұрыс. Сондықтан, келесі айдарымызда «Құлаққапты қалай дұрыс пайдалану керек?» деген сұраққа жауап жазатын боламыз. 

Дайындаған: Б.Ерман, 

ERNUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста