Қазір жұрттың бәрі қуат үнемдейтін шамға ойыса бастады. Ал мұндай шамдар өзімізде шығарыла ма?
Майраш Шоқанқызы
Осы сәуір айында Шымкентте қуат үнемдейтін шам шығаратын зауыт өз жұмысын бастады. Өнім түрлері тұрмыстық және өнеркәсіп мұқтаждықтарын өтеуге бағытталған. Әзірге зауыттың қуаты – сағатына 850 шам. Келешекте өндіріс қуатын сағатына 1200 шамға дейін жеткізу көзделген. Кәсіпорын қуат үнемдеу туралы мемлекеттік бағдарламаға толық сәйкес келеді және отандық нарықты сапалы өніммен толтыруға шамасы жетеді.
Мамандардың айтуынша, өзімізде шығарылатын қуат үнемдеуші шамның бірқатар артықшылығы бар. Біріншіден, электр қуатын үнемдеу 80 пайызға дейін жетеді. Екіншіден, пайдалану мерзімі жай шамға қарағанда 8 есе көп, яғни күніне үш сағат жаққан күннің өзінде сегіз мың сағатқа жетеді деп сендіреді зауыт технологтері.
Өндіріске арналған құрал-жабдық – Германиядан, ал бөлшектері Тайваньнан әкелінген. Қазір кәсіпорында 86 адам жұмыс істейді.
Қуат үнемдейтін шам зауыты ашылды
Последние статьи автора