Қожаны сомдаған актер – Тимур Сегізбаевтың бауыры

Қожаны сомдаған актер – Тимур Сегізбаевтың бауыры

Қазақ футболының ардагері Тимур Сегізбаевтың бір сұхбатын оқып отырғанымда, «Менің бауырым кезінде «Менің атым Қожа» көркем фильміне түскен» деген жолдарды оқып қалдым. Ол қай бауыры? Қай кейіпкерді сомдаған?
Тимур Бекқожа,
Алматы қаласы
Иә, қазақ футболының аңызына баланған Тимур Сегізбаевтың бауыры да атақты. Кезінде «Менің атым  Қожа» фильміне түскені де рас. Басқа-басқа емес, басты кейіпкер Қо­жаны сомдаған. Яғни Нұрлан Сегізбаев ағамыз – абыз Тимур ақсақалдың туған інісі. Бұл жайында әйгілі футбол­шының өзі былай дейді:
– Әкеміз Санжар кезінде Мәскеуде КСРО Жоғарғы сотының Қазақ КСР бөлімінің төрағасы болған. Кейін «халық жауы» деген жала жабылып, репрессиялық қуғын-сүргінге ұшырады. 20 айдан астам уақыт қамауда болған. Қайда болғанын, қалай азапқа түскені жайлы бізге еш нәрсе айтпайтын. Бір анығы, оның қаншалықты құнды маман екенін білетін басшылар біраз қинаған. Бірақ әкем сол кезде бірде-бір құжатқа қол қоймапты. Кейін ақыры ақталып шыққан. Әкем Санжар мен шешем Жібектен 14 бала тарадық. Екі бауырымыз 1928-1930 жылдардағы ашаршылық кезінде қаза тапты. Төртеуі репрессия кезінде қайтыс болды. Кейін тағы екі бауырымызды жоғалттық. Қазір қалғанымыз мен, Нұрлан, Кәмиля, Жәмиля, Светлана және Ембі. Мен үлкенімін. Нұрлан үйдің кішісі. Бесінші сыныбында атақты режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым  Қожа» фильмінде басты рөлді сомдаған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста