Қосымша жұмысы үшін сауықтыру жәрдемақысы төлене ме?

Қосымша жұмысы үшін сауықтыру жәрдемақысы төлене ме?

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметіне қоса 9 сағат сабақ беріп келді. Енді еңбек демалысына шыққан кезде Арал өңірінде тұрғаны үшін бір айлық көлемінде материалдық көмек және сауықтыруға арналған жәрдемақы 9 сағаты қосылып, 1,5 жүктемеге төлене ме немесе тек 1 жүктемеге беріле ме?
Дәнегүл ИСЛАМОВА,
Қызылорда облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 196-бабына сәйкес қызметкер өзi еңбек қатынастарында тұрған бiр жұмыс берушiмен (негiзгi жұмыс орны бойынша), сондай-ақ бiрнеше жұ­мыс берушiмен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы.
Негiзгi жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделiктi жұмыс­тың жиынтық ұзақтығы Кодекстiң 82-бабында белгiленген күнделiктi жұмыс уақы­тының норма­сынан төрт сағаттан артық ас­пау­ға тиiс.
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнiнде сiлтеме болуы мiндеттi.
Кодекстің 199-бабына сәйкес қоса ат­қа­ра­тын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойынша демалыспен қатар берiледi.
Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс берушi қоса атқарушы – қызметкердiң өтiнiшi бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс бередi.
Бұл ретте Кодектің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын аза­маттық қызметшiлерге лауазымдық жалақы­сы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәр­де­мақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Осыған орай, аталған жәрдемақы негізгі жұмыс орны (лауазымы) бойынша, сонымен бірге қоса атқаратын жұмыс орны (лауазымы) бойынша төленуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста