Қосымша жұмыс үшін сауықтыру жәрдемақысы төлене ме?

Қосымша жұмыс үшін сауықтыру жәрдемақысы төлене ме?

Мен оқу жылы бойына қазақ тілі мен әдебиетінен 24 сағат және үйден оқу бойынша 4 са­ғат сабақ беріп келдім. Бір жолғы сауықтыру бойынша маған тек 24 сағатқа төлеп, 4 сағат үй­ден оқытқаным үшін «ол қосымша» деп сауықтыру жәрдемақысын төлемей отыр. Осы заңды ма?
Зейнеп Құлхайдарова,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу бас­қар­масының сарапшы маманының мәлі­метінше, не­гiзгi жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұ­мысы бойынша күнделiктi жұмыс­тың жиынтық ұзақ­тығы Кодекстiң 82-бабында бел­гiленген күн­де­лiктi жұмыс уа­қы­тының нор­ма­сы­нан 4 сағаттан ас­пау­ға тиiс.
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек­шар­тын­да жұ­­­мысты қоса атқару жөнiнде сiлтеме болуы мiн­дет­тi.
Кодекстің 199-бабына сәйкес, қоса атқаратын жұ­­мыс туралы еңбекшарты бойынша жұмыс iс­тей­тiн қыз­меткерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек дем­алы­сы негiзгi жұмысы бойынша демалыспен қа­тар бе­рiледi.
Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбекшарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек де­ма­лы­сы­ның ұзақ­тығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақ­тығынан аз болса, жұмыс берушi қоса ат­қа­ру­­шы  қызметкердiң өтiнiшi бойынша демалыс ұзақ­­ты­ғының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс бередi.
Бұл ретте Кодекстің 239-бабына сәйкес, мем­ле­­кет­­тiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қыз­­мет­шi­лерге лауазымдық жалақысы мөл­ше­рiн­­де сауық­тыруға арналған жәрдемақы төлене оты­­рып, ұзақ­тығы күнтiзбелiк 30 күннен кем бол­май­­­тын жыл сайын­ғы ақылы еңбек демалысы бе­­рi­ле­дi.
Осыған орай, аталған жәрдемақы негізгі жұ­мыс ор­ны (лауазымы) бойынша, сонымен бірге қо­­са ат­қа­ратын жұмыс орны (лауазымы) бойын­ша төленуі тиіс.
Егер лауазымдарды қоса атқарған жағдайда (не­гізгі лауазым бойынша жұмыс уақытының ше­гін­­де), сауықтыруға арналған жәрдемақы тө­лен­бей­ді (қоса атқаратын жұмыс бойынша).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста