Мен 0,5 бірлікпен қосымша жұмыс атқарсам деп едім. Қосымша жұмыс атқару заңды болып санала ма?
Дәркембай СЕЙІЛҒАЗЫҰЛЫ, Талдықорған
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, қоса атқарылатын жұмыс деп қызметкердiң негiзгi жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетiн басқа жұмысты орындауды атайды. Кодекстің 196-бабына сәйкес, қызметкер өзi еңбек қатынастарында тұрған негізгі жұмыс берушiмен, сондай-ақ бiрнеше жұмыс берушiмен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнiнде сiлтеме болуы мiндеттi. 197-бапқа сәйкес, қызметкер басқа жұмыс берушімен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасу үшiн осы Кодекстiң 31-бабында көзделген құжаттардан бөлек, негiзгi жұмыс орны бойынша еңбектiң сипаты мен жағдайлары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама табыс етедi. 198-бапқа сәйкес, негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделiктi жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстiң 82-бабында белгiленген күнделiктi жұмыс уақытының нормасынан төрт сағаттан аспауға тиiс. 199-бапқа сәйкес, қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойынша демалыспен қатар берiледi.
Қосымша жұмыс атқаруыма бола ма?
Последние статьи автора