Қоса атқарылатын жұмысқа еңбек демалысын беру

Қоса атқарылатын жұмысқа еңбек демалысын беру

Қоса атқарылатын жұмыс бойынша қызметкерге еңбек демалысын беру тәртібі қандай? Және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмыс уақытының ұзақтығы қанша болуы тиіс?
Жаңбырхан ТӨЛЕШЕВ,
Қарағанды облысы
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі– ко­декс) 199-бабына сәйкес, қоса ат­қа­ра­тын жұмыс туралы еңбек шарты бойын­ша жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойынша демалыспен қатар берiледi.
Егер қоса атқаратын жұмыс туралы ең­бек шарты бойынша жыл сайынғы ақы­лы еңбек демалысының ұзақтығы бас­қа жұмыс бойынша демалыстың ұзақ­тығынан аз болса, жұмыс берушi қоса атқарушы - қызметкердiң өтiнiшi бойын­ша демалыс ұзақтығының айыр­ма­сын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс беріледi.
Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмыс уақытының ұзақтығы кодекстің 224-бабына сәйкес, бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге ап­та­сы­на 36 сағаттан аспайтын ұзақтығы қыс­қартылған жұмыс уақыты бел­гі­лен­ген.
Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспауға тиіс.
Кодекстің 82-бабына сәйкес, күн­делiктi жұмыстың (жұмыс ауы­сы­мының) ұзақтығы:
 1. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың апталық нормасы 36 сағат болғанда – 7 сағат 12 минуттан аспауға тиiс.
 2. Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың апталық нормасы 36 сағат болғанда – 6 сағаттан аспауға тиiс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста