Мына заманда бір жерде жұмыс істеп, күніңді көру қиын болып кетті ғой. Әсіресе аз айлық алатын мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін азаматтар үшін қиын болып тұр. Сұрайын дегенім – мен мемлекеттік қызметті атқара жүріп, екінші жұмысқа тұра аламын ба?
Қайсар Бектемір, Алматы қаласы
Елімізде құқық бұзушылыққа бармай, заңды түрде қосымша табыс табуға шектеу қойылмаған. Дегенмен сіз бір жұмысыңызға кедергі болмау үшін бір жұмысыңызды басты қызмет санап, екіншісін қосымша табыс көзі ретінде, бос жұмыс уақыты есебінде ғана жұмыс істей аласыз. Ең бастысы, қосымша жұмысыңыз басты қызметіңізге кедергі болмауы тиіс. Сондай-ақ сіз мынаны есте ұстаңыз: қызметтік ақпараттарды, жариялауға болмайтын мәліметтерді құпия ұстауға тиіссіз. Былайша айтқанда, екі мекеменің арасында ақпараттық құпияларға сақ болу керек.
Қос жұмысты қатар алып жүруге бола ма?
Последние статьи автора