Бұрын мемлекеттік кәсіпорындарда заңгер болып қызмет атқардым. Енді келешекте жеке қорғаушылық кеңсемді ашсам деп едім. Бұл үшін арнайы лицензияны қалай алуға болады?
Жанарбек Дәулетұлы, Алматы қаласы
ҚР Әділет министрлігі Тіркеу және құқықтық көмек көрсету қызметі комитеті мамандарының мәліметінше, нотариалды немесе қорғаушылық қызмет көрсету құқығын алу аттестациясынан өту үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1. Министрліктің Аттестациялық комиссиясы төрағасының атына жазылған өтініш;
2. Маманды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
3. Жоғары заңгерлік білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4. Наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің анықтамасы;
5. Жеке куәлік көшірмесі;
6. Сотталмағандығы туралы анықтама.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі», ҚР Әділет министрлігі Тіркеу және құқықтық көмек көрсету қызметі комитеті, тел. 8(7172) 74-07-45