Алматыда қоқысты қалай болса солай тастайтын сабаздарға қарсы күрес басталды дейді. Ол қалайша жүзеге асырылады?
Маржан ТАҢАТАРОВА
Иә, Алматыда 1 қыркүйектен бастап «Таза қала» атты арнайы шара басталады. Ол бойынша, көрінген жерге қоқыс тастағандар 28 000 теңге айыппұл төлейді.
Айыппұл Қазақстан Республикасының «Қалалар мен елді мекендерде абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ өсімдіктерді құрту және зақымдау туралы» әкімшілік Кодексінің 387- бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы бапта жеке тұлғалар үшін ескерту немесе 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл өндіру қарастырылған.
Лауазымды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектісі болып табылатын заңды тұлғалар 20 – 40 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Ірі кәсіпкерлік субъекті болып саналатын заңды тұлғалар үшін 50 – 100 АЕК көлемінде айыппұл белгіленген.
Жыл ішінде екінші қайтара тәртіп бұзғандар үшін айыппұл мөлшері жеке тұлғаларға - 30 АЕК, лауазымдылар мен заңды тұлғаларға - 30-50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 100-300 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленген.
1 АЕК – 1413 теңге.
Қоқыс тастасаң, қалтаң қағылады
Последние статьи автора