Сәби көтере алмай жүрген аналардың бірімін. Емделіп жүргеніме сегіз жылдан асты. Жуырда қаржы тапшылығынан бедеу аналардың қолы жетпей жүрген экстракорпоральді ұрықтандыру әдісі тегін медициналық қызметтер қатарына енеді деп естіп едім. Сол рас па?
Күнсұлу, Қарағанды қаласы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланған мәліметтерге қарағанда, қолдан ұрықтандыру үдерісі келер жылдан бастап медициналық көмектің кепілді мөлшері қатарына қосылуы мүмкін. Жуырда Астанада өткен баспасөз мәслихатында бұл туралы Стратегия және денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Арман Айдарханов та айтқан болатын. Елімізде денсаулығындағы ақаулардың салдарынан бала сүйе алмай отырған 15 мың ерлі-зайыпты бар екенін жеткізген ол, 2010 жылы тегін медициналық көмек бағдарламасы аясында алдымен 700 бедеу әйелге қолдан ұрықтандыру қызметі тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Айта кету керек, қазір отандық емханаларда бұл қызметтің құны 2-3 мың доллар көлемінде.
Қолдан ұрықтандыру қызметі тегін көрсетіле ме?
Последние статьи автора