«Ортан терек» аталатын саусағын шошайтып, әдепсіздік көрсетіп жататындар бар. Мұндай ишара қай заманда пайда болған?
Азамат, Алматы қаласы
Жұдырықты түю, саусақты шошайту сияқты қол шығарудың әдепсіз түрлері өте ерте дәуірлерден бері бар. Халқымыздың «саусағыңды шошайтпа» деген тыйымы – осының айғағы. Әлдекіммен ерегіскенде, біреуге қысастық көрсеткенде немесе кекетіп-мұқатқанда бас бармақты кейінгі екі саусақтың арасына қысып, жұдырықты түю де – халықтың тұрмыстық салтында болған әрекеттердің бірі. Ал ортан теректі шошайтып, мінез көрсету туралы ең алғаш ежелгі гректің комедиографы Аристофанның еңбектерінде жазылған. Біздің дәуірімізге дейінгі 444-380 жылдары өмір сүрген қаламгердің «Бұлттар» комедиясындағы бір кейіпкер саусағын осылай шошайтып, әдепсіздік жасайды. «Боқтық сөзді алмастыратын мұндай ишара XIV-XV ғасырлардағы ағылшын-француз ғасырлық соғысынан кейін дағдыға айналды» деген де дерек бар. 1976 жылы АҚШ-тың вице-президенті Нельсон Рокфеллер ортан терегін көпшілікке қаратып, шошайтқаны белгілі.
Қол шығарып, әдепсіздік жасауды кім ойлап тапқан?
Последние статьи автора