Қоян бағу қой бағудан қиын емес

Үй қояндары өсімтал әрі тез жетілетін және көп шығынды қажет етпейтін болғандықтан, үйімде қоян өсірсем бе деп едім, бірақ ешқандай хабарым жоқ. Қалай бастасам болады?
Қожагелді БАЙКЕНОВ,
Қостанай облысы
Үй қояны  етті, етті-терілі және түбітті тұқым­дарға бөлінеді. Етті қояндар жақсы азықтандырған жағдайда тез ет алып, салмағы 5-6 келіге жуықтайды.
Қояндардың көжектеуіне бір апта қалғанда оларды бөлек торда ұстап, ас­ты­на сабан немесе ағаш жаңқасын төсеу қа­жет. Top жоқ болған жағдайда ұрғашы қоян ұя жасай бастайды, оған өзінің бауы­ры мен төсінен жұлып алған түбітін төсейді. Көжектеу алдында және кө­жектеген соң да ыдыста су болуы керек.
Өйткені аналық қоян осы кезеңде шөліркейді, ал су болмаған жағдайда өз төлін жеп қоюы ықтимал. Қоян көбіне түнде көжектейді және оның көжегінің саны 1-ден 14-ке дейінгі аралықта бо­ла­ды. Өлі және әлсіз көжектерді бөлек алу ке­рек. Көжектер сегізден көп болса, оларды кезек­тестіріп, 6-8-ден емізуге қал­­дыр­ған жөн. Егер ұрғашы қоян көжек­тер­ді бы­ты­ратып, таптай бастаса және өзін тынышсыз ұс­таса, оны аталық қоянмен шағылыстыру керек. Көжектер 40-80 грамнан аспайтын қызылшақа және соқыр болып туады. 10 күннен соң көзін ашып, бір айдан соң тістері түгел шығып болып, ана­сының сүтін қажет етпейтін жағдайға же­теді. Қоянның негізгі азық­тары: шөп, пішен, тамыр түйнек жеміс­тер, ас пен бақша дақыл­дарының қал­дық­тары, сәбіз, қы­зыл­ша, асқабақ. Ac қо­ры­туы бұзылғанда шөп бе­руді азайтып, қандағаш пен еменнің бұтағын беру пайдалы. Ең са­па­лы терілер күз-қыс айларында алы­на­тын­­дықтан,  қоян­дарды жаппай сою қараша айын­да жүргізіледі. Союдан кейін іле-шала кө­зін ойып алады, артқы аяғынан іліп қоя­ды да, қаны әбден ағып кеткен соң, тері­сін іреп, сы­пы­рып алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста