Қазақ «қоңыр дауыс», «қоңыр үн» деп жатады. Тiптi қазақ эстрадасында «Қоңыр» деген топ та бар. Жалпы, осы қоңыр деген теңеу нелiктен және қандай жағдайда қосылады? Осының мәнiсiн бiлгiм келедi.
Зара АЙТИЕВА, Астана
Қазақта ертеден келе жатқан «қоңыр» деген сөздiң философиялық мағынасы зор. Себебi «қоңыр» – тек музыка аспабынан шығатын дыбыс бояуының (тембрi) ұғымынан басқаша, табиғи қолданыста ауқымы кең ұғым. Музыкадағы «қоңыр күй», «қоңыр ала», «қоңырқаз», «алқоңыр» деген атаулар әрбiр жеке ән-күйлердiң саз-сарынын анықтайды.
Құлаққа жайлы, жағымды, ұнамды қоңыр сөзi тұрмысқа, әл-ауқатқа, дыбысқа қатысты айтылады. Адамның көңiл күйiн, рухын, мiнез-құлқын бейнелейтiн кейбiр жайттарды қоңыр қалыптағы күй дейдi.
Бiр аңыздарда Қорқыт ата қоңыр үндi қылқобызын ойнап отырғанда, емделуге келген ауру адам Қорқыттың жүзiн көрместен, есiктiң ар жағынан тыңдап-ақ, ауруынан айығып кеткен дейдi. Демек, қоңыр саздың адам денсаулығына емдiк қасиетiнiң де бар болғаны.
Қобыз неге «қоңыр»?
Последние статьи автора