Бір кездері қобыз аспап ретінде көп қолданысқа енбей, елеусіз қалды. Шертпелі, ыспалы аспаптардың атасы саналатын қасиетті қобыз не себепті шеттетілді?
Сәуле АҒАБЕК, Алматы
Тәңіршілдік түсінік етек жайған кезде бақсылардың, қобыздың дәуірі жүріп тұрды. Бірақ ислам дінінің келуіне орай, бақсыларды қудалау басталды. Соған байланысты қобыз да шетке ысырылып қалды. Оған дейін қобызбен жыр айтқан жыраулар домбырамен жырлай бастады. Тарих сахнасынан осылайша шеттетілген қобызды Ықылас Дүкенұлы қайтадан тудырды деуге болады. Күйші қобызды ғасырлар қойнауынан аршып алып, қайтадан қазақтың дәстүрлі аспабына айналдырды. Оның күйлері Қорқыттың күйлерінен өзгешелеу болды. Бірақ Ықылас Қорқыттың күйлерінен үйреніп, Қорқыттың күйлерінен сусындады. Ықылас арқылы жеткен қобыз сарындарының архаикалық сипаты, Қорқыт дәстүріне жақындығы басым. Мұны Ықылас күйшінің орындауында жазылып алынған «Қорқыт», «Қазан», «Ерден», «Айрауықтың ащы күйі» атты сарындардың атауынан-ақ аңғаруға болады. Мұндағы Қазан – Қорқыт жырларының бас кейіпкері.
Қобыз неге кезінде шеттетілді?
Последние статьи автора