Қазият пен мүфтиятты кімдер басқарған?

Қазият пен мүфтиятты кімдер басқарған?

Кеңестік кезеңде Орталық Азия мұсылмандары діни басқармасы болған дегенді естіген едім. Ол басқарманың негізінде Қазақстанда қазият құрылғаны рас па? Сол қазиятты басқарған қазилар мен Тәуелсіздік алғаннан кейінгі мүфтилеріміз жайлы мәлімет берсеңіздер екен?
Жанел Санатқызы,
Алматы облысы
1943 жылы Ташкентте Орта Азия мен Қазақстан мұ­сылмандарының алғашқы құрылтайы өтіп, Қа­зақ­стан делегациясын шейх Абд әл-Ғаффар Шамсутдинов бас­тап барған. Осы құрылтайда Орта Азия мен Қа­зақстан мұсылмандары діни басқармасының іргесі қа­ланып, басқарманың төрағасы, әрі Бас мүфти бо­лып Ишан Бабахан Абдулмаджидан сайланған. Қа­зақ­станда арнайы қазият құрылып, Абд әл-Ғаффар Шам­сутдинов сол қазияттың қазиы болып таға­йын­далған. Бұл қазиятты 1952 – 1972 жылдар ара­лы­ғында Сәдуақас Ғылмани, 1972 – 1979 жылдар ара­лығында Жахия қажы Бейсенбайұлы басқарды. Ал 1979 жылдан бастап Рәтбек Нысанбаев діни бас­қар­ма­ның Қа­зақстандағы қазият хатшысы міндетін ат­қар­ды. 1990 жылы 12 қаңтарда өткен Қазақстан мұ­сыл­мандарының тұңғыш құрылтайында дербес Қа­зақстан мұсыл­мандары діни басқармасы құрылды. Бас­қарманың тұңғыш төрағасы, Бас мүфтиі Рәтбек Ны­санбаев болды. ҚМДБ-ның 2000 жылы өткен ІІІ құ­рылтайында бас­қарманың төрағасы, Бас мүфтиі болып профессор Әб­саттар Дербісәлі сайланды. Енді, міне, кеше Қазақстан мұсылмандары діни бас­қар­масының кезектен тыс VII құрылтайы өтіп, бас мүф­тилік орынға Ержан Маямеров тағайындалып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста