Қазақы төбеттер қашан пайда болған?
«Ит – жеті қазынаның бірі» деп айтып жатамыз ғой. Өз басым ит асырағанды қатты ұнатамын. Соңғы уақытта қазақы төбеттерге қызығып жүрмін. Сіздерден сұрайын дегенім, көшпенділер өркениетінің сақшысы болған қазақы төбеттердің шығу тарихы жайлы қысқаша дерек беріп кетсеңіздер.
Аманжол Түгенбаев, Алматы облысы
Төбет иттердің шығу тегі жайындағы мәлімет көздері сонау 1121 жылдардан басталады. Тіпті қазақы төбет иттің қаңқалары Шығыс Еуропадан Қиыр Шығысқа дейінгі мұздақ дәуірі алдындағы климаттық зоналы өлкелерден табылған. Марко Поло ХІІІ ғасырдағы қазақтар туралы жазбаларында ойға сыймайтын алып денелі, ерекше күшті иттер жайында былай деп жазып кеткен: «Тайыншадай биік денелі иттер – тағы аңдарды аулауда, күзетте және ауыр жұмыстарда тамаша серік». Бұл күнде Қазақстанда таза қанды төбеттер аз қалды. Егер де Алматы облысындағы тасқа қашалған ит суреттеріне негізделген деректерге сүйенсек, онда бұл иттердің осы өлкеде өмір сүріп жатқан кезеңін 4 мың жылдан астам деп қарауға болады. Қазіргі төбеттің бүкіл қазақ халқы бастан кешкен дәуірлердің куәгері болған асыл тұқымның шынайы ұрпағы екенін батыл айтуға болады.