“Кеменің басын қайда бұрсаң, сол жаққа қарай бағыт алады” деген сөз бар. Сол секілді сәбиге қойылған есім оның алдағы өміріне көп әсерін тигізеді. Осы есім арқылы миына салынған психологиялық кодқа сай, адам өмір бойы өзінің есіміне лайық болуға тырысады. Жаңа туған ұлыңызға есім іздеп жүрген болсаңыз, төмендегі қазақы есімдер туралы материалымызға назар аударыңыз.
Әйгілі Шекспирдің Джульетасы “Есімде тұрған не бар? Мысалы, раушан гүлін осылай атасаң да, атамасаң да, ол хош иісін жоғалтпайды” деп айтқан болатын. Расымен де, бір қарағанда есімде тұрған ешнәрсе жоқ. Алайда сол есімдегі психологиялық код адам өміріне көп әсерін тигізеді. Ежелгі философтар әр атауды белгілі бір заттың формуласы ретінде қабылдаған. Мұнымен қатар, жазбалардан, көркем шығармалардан “Ол өз атына кір келтірді немесе өзінің атын шығарды” деген сөздерді жиі оқимыз. Кей пайғамбар да есімді есіктің кілті ретінде пайдаланған.
Швейцариялық психолог Карл Густав Юнг есімдердің тікелей мағынасы ғана емес, бейсанада оларға қатысты мағынасы болатынын айтқан. Сол себепті, кез келген ата-ана сәбиіне есім берерде асқан жауапкершілікпен қарағаны жөн. Есімдер үш топқа бөлінеді. Алғашқысы – адам өзі қатты жақсы көретін, мақтанышпен айтатын есімдер. Екіншілері – ауыстыруды талап ететін, адамның мінез-құлқына сай келмейтін түрі. Үшіншілері – иесінің болмысына қарама-қайшы келмейтін, тым жақсы болмаса да, шыдап бағуға болатын түрі.
2017 жылы Қазақстанда ұл балаға Әлихан, Айсұлтан және Нұрислам есімдері көп қойылған екен. Назарларыңызға ұл балаларға қойылатын қазақы әрі заманауи, діни есімдерді ұсынамыз:
Абай — қазақ есімі, ел ағасы. Абай есімінің мағынасы әр түрлі: абайлағыш, байқағыш, ойшыл деп түсінігі бар. Бұл есім қазір халық арасында жиі қойылады.
Ағабек — көне түркі тілінен алынған аға+бек. жас жағынан немесе лауазым жағынан үлкен, жоғары бек.
Ағын — ағыны қатты, лек, екпін.
Адай — балапан. Бала, сәби, перзент деген ауыспалы мағына береді.
Адырбай — адыр, биік, дөң, қыр+бай.
Ажарбек — ажар — әдемі, шырайлы, көрікті, келісті+бек. Яғни аса көрікті, өте әдемі, келбетті.
Айәділ — ай+араб тілінен – әділ. Әділ, адал, шыншыл.
Айбала — ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.
Айбар — айбат, айбын. Бұл есім сәбиге айбатты, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады. Сыйлап, құрметтеп айту түрі — Айаға, Айеке, еркелетіп айту түрі — Айбаржан, Айке, Айкеш, Айкен.
Айбас — ай+бас, ай сияқты ашық, жарқын жүзді адам.
Айбат — айбар, қаһар, айбын. Бұл есім сәбиге батыл әрі батыр, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады.
Айбек — ай+бек — берік, мықты. Сәби ғұмырлы, беделді болсын деген тілекпен қойылған есім.
Айбол — ай+бол — айдай айқын, жарық бол деген мағыналы есім.
Айболат — ай+болат – болады — менің айым болады.
Айбын — мағынасы айбар, айбат, батылдық.
Айғали — ай+араб тілінен – ғали — биік, жоғары. Бала әрдайым жоғары мұратқа ие болсын деген тілекпен қойылған болса керек.
Айдан — ай+дан — қосымша. Бұл есім бала айдан да жарық, көркем болсын деген тілекпен қойылған.
Айдар — балалардың төбесіне қойылған шашы. Ал айдарлы сөзі «мықты, күшті, зор» деген мағынада қолданылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Айдархан, Айдарлы, сондай-ақ синонимдік есімдер — Кекіл, Тұлымхан.
Айдархан — айдар, араб сөзі – хайдар + қазақ сөзі – хан, яғни арыстан, жаужүрек хан деген мағынаны береді.
Айдос — айдың досы.
Айдын — айбат, айбын, каһар, күш-қуат, айқын, ашық, жарық. Біріккен тұлғалы есім – Айдынғали.
Айжас — ай және жас, қазақ сөдерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Өмірге жана келген сәбиді жаңа туған жас айға теңеп қойылған есім.
Айқын — әйгілі, белгілі, нақты.
Аймағамбет — ай+араб сөзі мохаммад — мақтаулы. Айтмақамбет, Аймухамбет деп те айтыла береді. Қысқарған түрі — Аймаған, Аймат.
Аймақ — өлке, қиыр, атырап, айнала, маңай, төңірек.
Аймұрат — араб сөзі морад – мақсат, тілек. Ай сияқты айқын, жарық тілегім, мақсатым деген ниетпен қойылған есім.
Айнабек — біріккен қазақ сөздері айна + бек. Пәктіктің, тазалықтың, адалдық пен шынайылықтың бейнесі.
Айсауыт — ай және сауыт қазақ сөздерінен біріккен көне есім. Айдай айқын, ай сияқты жарқырап мәңгі тұрсын деген тілекпен қойылған.
Айсүгір — ай және сүгір — әскер, жауынгер сөздерінен жасалған көне есім.
Айтан — қазақ сөздернен біріккен ай+тан. Таң сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген нұсқасы, яғни жарық, жарқыраған ай.
Айтуар — қазақ ай және туар сөздері арқылы жасалған есім. Балаға бақыт, ырыс тілеуге байланысты қойылып отырған.
Айтуған — ай туған мезгілде дүниеге келген балаға осылай ат берілген.
Айшуақ — ай сияқты сәулелі, жарық, көңілі шуақты болсын деген тілекпен қойылған есім.
Ақболат — ақ+иран сөзінен болат құрыш. Бала саф құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.
Ақеділ — өзен атына байланысты қойылған есім. Мұндай есімдер әдетте бала өзен жағасында туған ағдайда қойылған.
Аққозы — қозы сияқты сүйкімді, әдемі, көркем болсын деп, қозыға балап қойылған есім.
Ақпанбет — ақпан — февраль айының қазақша аты; бет кісі аттарына қосылатын қосымша. Ақпанда туылған балаға осындай ат қойылған.
Ақтаң — ертеде таң атып келе жатқанда туған балаға осындай есім берілген.
Ақылбек — ақылды, сергек болсын деген тілекпен қойылған есім.
Ақынжан — бала ақын болсын, ақынжанды болсын деген тілекпен қойылған есім.
Алдан — бала ата-анаға алданыш, жұбаныш болсын деген тілекпен қойылған есім; баланың алды, тұңғышы. Алданазар деген толық есімнің еркелете қыскартып айтылған түрі.
Алпамыс — алып — қазақ тілінде дәу, дөкей, зор. Мамыш — батыр.
Алтынбек — қазақ сөздері алтын+бек. Бала алтын сияқты әдемі әрі өмірі мықты, берік болсын деп қойылған есім.
Аңсаған — сағынған, зарыққан. Бұл есім баласы болмай жүрген семБяның бала көргенде қойған есімі.
Арқат — күшті, мықты бол деген мағынадағы есім.
Арын — қарқын, екпін, жігер. біріккен тұлғалар — арынбай, арынбек.
Ақбай — ақ және бай сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұл есім бала адал, ак ниетті болсын деген ниетпіен қойылған.
Ақболат — ақ+иран сөзінен болат құрыш. Бала саф құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.
Ақбота — Бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.
Ақеділ — өзен атына байланысты қойылған есім. Мұндай есімдер әдетте бала өзен жағасында туған ағдайда қойылған.
Ақжол — өмірге алған бағыты, ашық, айқын, жолы сара, таза деген мағынаны білдіреді.
Ақзия — ақ және араб тілінен алынған зия – жарық, сәуле, арай.
Аққал — ақ және тәжік тілінен алынған хол – бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.
Аққожа — ақ — таза, адал, немесе араб тілінен хак — әкім, әмір. Қожа араб тіліненХоджа — мырза, үйретуші, ие. Адал үйретуші деген мағынаны білдіреді.
Аққозы — қозы сияқты сүйкімді, әдемі, көркем болсын деп, қозыға балап қойылған есім.
Ақпанбет — ақпан-февраль айының қазақша аты; бет кісі аттарына қосылатын қосымша. Ақпанда туылған балаға осындай ат қойылған.
Ақсұлтан — есім құрамындағы ақ арабтың хақ «әкім, әмір» сөзінің тіліміздегі өзгерген нұсқасы. Алсұлтан арабтың солтан «әкім, билеуші, мемлекет басшысы» деген сөзі.
Ақтамақ — бейнелеу түрінде қойылған есім.
Ақтаң — ертеде таң атып келе жатқанда туған балаға осындай есім берілген.
Ақтілек — бала бақытты болсын, ата-ананың ақ ниет, тілегі орындалсын, деген мақсатпен қойылған есім.
Ақылбек — ақылды, сергек болсын деген тілекпен қойылған есім.
Ақын — иран тілінен алынған ақун — өлең шығарушы, жыршы. Біріккен тұлғалы есімдер — Оразақын, Әлақын, Нұрақын, Байақын, Тұрдақын.
Ақынжан — бала ақын болсын, ақынжанды болсын деген тілекпен қойылған есім.
Алай — отряд, бөлім, рота, батальон, полк.
Алау — шымқай қызыл түс.
Алға — баланың келешегі зор болсын, өмірде алда жүрсін деген тілекпен берілген есім. Алғатай деген де есім бар.
Алғыр — өжет, ержүрек.
Алдан — бала ата-анаға алданыш, жұбаныш болсын деген тілекпен қойылған есім; баланың алды, тұңғышы. Алданазар деген толық есімнің еркелете қыскартып айтылған түрі.
Алдар — қу, айлакер. Бұл — халық ауыз әдебиетіндегі айлакер кейіпкер Алдар көсенің есімі.
Алқа — Асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.
Алпамыс — алып — қазақ тілінде дәу, дөкей, зор. Мамыш — батыр.
Алпар — алып — батыр, ар — ер сөзінің көне түркі тілдеріндегі жуан айтылуы. Яғни батыр адам, ер кісі.
Алпысбай — бұл баланың әкесі не шешесі алпыс жасқа толғанда туғандықтан қойылған есім.
Алтыбай — саусағы немесе башпайы алтау боп туған ер балаларға ертеде осылай ат берілген.
Алтынбек — алтын+бек. Бала алтын сияқты әдемі әрі өмірі мықты, берік болсын деп қойылған есім.
Алтынсары — қазақ сөздері алтын + сары. Бала қымбатты, қадірменді болсын деген тілекпен қойылған есім.
Аман — сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.
Аңсаған — қазақ тілінен алынған сағынған, зарыққан. Бұл есім баласы болмай жүрген семБяның бала көргенде қойған есімі.
Аңсар — сағынатын, зарығатын.
Аппақ — аса ақ, әппақ, саф таза, кіршіксіз.
Аралбай — Арал теңізі жағасында туған балаға берілген есім.
Арбек — ар-ұяты күшті, намысы бар деген мағынасы бар.
Арбол — Отаныңның, ата- анаңның намысын қорғаушы бол деген мағынадағы есім. Синонимі — Ардан.
Ардақ — құрмет, қадір.
Арқат — қазақ тілінен алынған күшті, мықты бол деген мағынадағы есім.
Арна — бір адамға бағыштау, арнайы қою.
Артық — бәрінен жоғары, құнды, қымбат, ерекше. біріккен тұлғалар — артықбай, артыққали.
Арын — қарқын, екпін, жігер. біріккен тұлғалар — арынбай, арынбек.
Арындық — қарқындылық, екпінділік, жігерлілік.
Арысбай — Арыс өзені атынан қойылған есім.
Арыстан — қазақ тілінен алынған есім батылдық пен батырлық бейнесі ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Арыстанбек, Арыстанғали, Арыстанбай.
Асылжан — асыл және жан сөздерінен – мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.
Атамұрат — атанын мұраты, мақсаты.
Әбілқан — хан — әмірші. әміршінің әкесі деген мағына береді.
Әжібай — көне түркі тілінен келген әжі — аға + бай. Бұл әжі сөзі біріккен тұлғалы кісі есімдерінің құрамында қолданылып, кейде қажы, әжі түрінде жиі кездеседі. Ондай біріккен тұлғалы есімдер — Әжібек, Әжіғали, Әжігерей, Әжімұкамбет. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Әжікен, Әжтай, Әжік.
Бағлан — қазақ тілінен – ерте туып, жетілген қозы. Ауыспалы мағына – жайнаған жас.
Бай — бұл сөз түркі халықтары тілінде мал-дүниесі мол, ауқатты, әлді адам деген мағынаны білдіреді.
Байарыстан — арыстан сияқты батыл, ер жүрек балаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Байахмет — қазақтың сөзі бай + араб сөзі – ахмет. Мақтауға лайық.
Байбақты — дүниеге, өмірге бай адам, ер бала келеді деп күтті, үміттенді деген мағыналы есім.
Байбарыс, бейбарыс — бұл түрікмен, татар, қазақ, қырғыз тілдердегі ескі есім. Барыс ертедегі түркілердің жыл санауындағы үшінші жыл аты, сол жылы туған балаға осындай ат қойылған.
Байбек — бала мықты, бай болсын деген тілекпен қойылған.
Байбол — бала ауқатты, бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Байболды — мұндай есім, әдетте, көп балалы үйдін баласына қойылып отырған.
Байбөрі — көне түркі тілінен келген бөрі-қасқыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Бөрібай, Қасқырбай.
Байғали — қазақ тілінен алынған бай + араб сөзі ғали — биік, жоғары. Өте бай адам деген мағынаны білдіреді.
Байғани — қазақ тілінен алынған бай + араб сөзі ғани — дәулетті, ауқатты, адам.
Байғожа — қазақ тілінен алынған бай + иран сөзі ходжа – қожайын, мырза, ұстаз.
Байжан — қазақ тілінен алынған бай + тәжік тілінен алынған джон, үйде бала көп бөлсын, адам саны көбейсін, өсе берсін деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Жанбай.
Байқошқар — бала ұрпаққа бай болсын деген тілекпен қойылғаны аңғарылады.
Байқұтты — бақытты бай деген мағынаны білдіретін есім. Түрі — Құттыбай.
Баймағамбет — қазақ тілінен алынған бай + иран тілінен алынған мағамбет. Атақты, даңқты, атағы жайылған. Еркелетіп айту тұлғалары — Байкен, Бәкен, Байкеш.
Байман — қазақ тілінен алынған бай + тәжік тілінен алынған ман — адам, кісі, яғни бай адам, дәулетті кісі. Түрлері — Баймен, Бәймен.
Байсал — сабырлылық, тыныштық, табандылық.
Байсан — біріккен тұлғалы есім. Ауыспалы мағынасы есебі жоқ, қисапсыз. Түрі — Сансызбай.
Байсерке — бай + серке, түрі — Серкебай.
Байтақ — ұшы-қиыры жоқ кең, шексіз; шамадан тыс көп, өте мол.
Байтас — адам өміріндегі бақыт пен байлық тастай берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.
Байтемір — баланың өміріндегі байлығы мен бақыты темірдей мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.
Байту — бала бай боп туды, өмірге бай боп келді деген мағынада қойылған есім.
Байтұр — бақытты өмір сүр, өмірінде молшылық-береке болсын деген тілекпен қойылған есім.
Балғабек — балға + бек, бала балғадай мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.
Балқы — елжіреу, насаттану. біріккен тұлғалы түрі — балқыбек.
Балта — бала өткір, қайтпас-қайсар батыл, мықты болсын деген ниетпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Балтабай,
Баржақсы — барлығы ойдағыдай, көнілдегідей деген мағынаны білдіреді.
Барлыбай — қазақтың сөзі бар, үлкен, зор + қосымша лы + бай; дәулетті, бай адам.
Барыс — жолбарыс тұқымдас жыртқыш аң; көне, он екі мүшел жыл атынын үшінші аты.
Бастаубай — бастау + бай, бастаудай мөп-мөлдір, таза адам боп өссін деген тілекпен қойылған есім.
Басым — күші, білімі басқадан артық, мол, басым болсын деп қойылған есім.
Батсайы — жолақты жібек мата.
Батыр — қазақ тілінен алынған каһарман – батыл, ер жүрек.
Батырбек — батыр + бек, мықты, күшті батыр. Түрі — Бекбатыр.
Батырқан — әрі батыр әрі хан болсын деген тілекпен қойылған көне есім.
Батырлан — өжеттену, ер жүректене түсу.
Баубек — өмір-жасы ұзақ, өмірлі болсын, табанды жігіт болсын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Бекбау.
Бауыржан — ағайынға, туған-туысқа жан-тәнімен берілсін, жанындай жақсы көрсін, бауырмал болсын деген тілекпен қойылған есім.
Баян — көне түркі, моңғол тілдеріне ортақ «мықты», «зор», «бай» мағыналы сөз. Араб тілінен вайан — айқын, ашық, түсінік, анықтама, хабарлама.
Баянды — тұрақты, табанды.
Бегайдар — қазақтың сөздерден бек — мықты, күшті + айдар — балалардың төбесіне қөйылатын бір шөк шаш. Араб тілінен алынған айдар — хайдар — арыстан деген сөзінің өзгерген түрі.
Бегеш — көне түркі тілінен келген, ескі қазақ тілдерінде ведас — хан ұлы деген мағынада айтылған.
Беделбай — даңққа, атаққа, абыройға бай деген мағынаны береді.
Бекей — бекем бол, мықты бол.
Бекжасар — бала ұзақ өмір сүрсін, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Көпжасар.
Бекін — мықты бол, бекем бол деген мәндегі есім.
Бекболат — бек + болат. Бала мықты болады, болаттай берік, өмір-жасы ұзақ, болып, көп жасайды деген тілекпен қойылған. Еркелете қысқартып айту түрлері — Бекен, Бекет.
Беккелді — өмірге берік, мықты боп келді деген мағынаны білдіреді.
Беклан — бек — берік, бекім + қосымша лан, мықты, бекем.
Бекнар — бек — өте, әсіре + иран тілінен алынған нар — тіршілік күші, қуат.
Бексұлтан — қазақ тілінен алынған сұлтан — билеуші әкім. Синонимі — Сұлтанбек.
Бектемір — бала темірдей мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.
Бектеміс — бекте — бекіту, мықты ұстау. Бұл Бектұрған деген есімнің синонимі болып табылады.
Бектен — мықты бол, берік бол деген мағынаны білдіретін есім.
Бектілеу — қазақ тілінен алынған бек – өте + тілеу — тілек. Түрі — Өтетілеу.
Бектұр — бұл есім бала өмірлі, тұрақты болсын деген тілекпен қойылған. Түрі — Түрбек. Еркелетіп айтылатын түрі — Бекен.
Бектұрған — бала өмірде ұзақ өмір сүрсін, тұрақтап қалсын деген мағынаны білдіреді. Түрі — Тұрғанбек.
Бектұрсын — бұл есім де баланың жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.
Беласар — тірек, күш.
Беласыл — ең қымбат, нағыз мықты таяныш, сүйеніш деген мәндегі есім.
Белберді — бел+берді, өмірге таяныш, сүйеніш берді, ер бала берді деген мәндегі есім.
Белгібай — белгі – көне түркі тілінде дана, данышпан деген сөз. Синонимдері — Нысанбай, Нышанбай.
Белес — асу, шоқы.
Берген — ер бала туды деген мағынадағы есім.
Берден — бер+қосымша ден.
Берді — сыйлады, тарту етті. Біріккен тұлғалы есім — Бердібай.
Береке — ырыс, молшылық, құт. Түрі — Берекет.
Берен — асыл құрыш.
Бержан — бер + жан – жанын беретін, ештене аямайтын адам деген мағыналы есім.
Берік — мықты, бекем, беркін, табанды, тұрақты.
Беркін — берік, мықты бол сөзінін қысқаша тұлғасы. Біріккен тұлғалы есім — Беркінбай.
Бернар — бер+нар – күшті, мықты. Бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек.
Бесбай — балаға Үшбай, Бесбай, Жетібай, Тоғызбай деп есім беру белгілі бір ырыммен байланысты болған.
Бибатыр — қазақ тілінен алынған би+батыр.
Бидайбек — бала астыққа кенелсін деген тілекпен қойылып отырған.
Бижан — билік, үстемдік, әкімдік жүргізуші адам.
Биржан — атақты біржан салдың құрметіне жиі қойылатын есім. мағынасы — жалғыз, жалқы туған адам.
Боздақ — жас жігіт, бозбала. Түрлері — Бозжан, Бозжігіт. Еркелете қысқартып айту түрі — Бозтай.
Болатжан — болаттай берік, мықты адам деген мағына береді.
Болатқожа — мықты қожайын деген мағынаны білдіреді.
Болған — кемеліне келіп толған, жетілген, кенелген деген мағынаны білдіретін есім.
Болғанбай — кемеліне келіп, толып жетілген, кенелген бай адам деген мағыналы есім.
Болсынбек — құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.
Боран — бала қатулы, батыл ер болсын деген тілекпен қойылған есім.
Боранғазы — ызғарлы, қаһарлы жауынгер, әскер деген мағынаны білдіретін есім.
Бөжей — дана, данышпан.
Бөлебай — туыстық атаумен байланысты қойылған есім, шешелері туыс балалар бөле болады.
Бүркіт — бүркіт сияқты алғыр, қыран, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Бүркітбай, Бүркітбек.
Бұғыбай — бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Бұлабай — бұла — еркін, ерке деген ұғымды білдіреді. Синонимі —Еркебай.
Бұланбай — қазақ тілінен алынған бүлан — бұғы тектес аң.
Бұлдыбай — дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Бұлқыш — есімнің түбірі бұлқы-жұлқы, жұлқып тарт — ш есім қосымшасы. Қайратты, жігерлі, пысық, еті тірі.
Дабыл — ұран, даңқ.
Дабыс — атақ, даңқ, дауыс, үн.
Дайрабай — дайра қазіргі тіліміздегі дария сөзінің диалектілік формасы. Синонимі — Тенізбай.
Дайын — әрқашан әзір. Біріккен тұлғалы есім — Дайынбай.
Дамыл — тыныштық, бейбітшілік.
Дандай — ұлы, зор.
Дара — қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.
Дарас — жеке, айрықша
Дарын — қазақ тілінен — талант, кабілет.
Дәлбек — бектің, мықтының нағыз деген мағыналы есім.
Дәубек — үлкен, күшті деген мағыналы есім.
Дәуірбек — өз заманының, дәуірінің мықтысы деген мәндегі есім.
Дәулен — үлкен болу, есею. Біріккен тұлғалы есім — Дәуленхан.
Дәулетбай — дәулетті, ауқатты.
Демеу — қазақ тілінен алынған қолдау, сүйеу, көмек көрсету.
Додан — үлкен, зор.
Досбай — досқа кең, бай адам деген мағынада.
Досжан — адал, таза адам.
Досым — жан серігім, жолдасым.
Досымжан — менің жан досым деген мағынадағы есім.
Дубай — атақ-данқы ассын деген тілекпен қойылған есім.
Дудар — бұйра шаш; шашы бұйра балаларға осындай есім қойылған.
Думан — бала өмірі қуанышқа толы, көңілді, сауық-сайранды бөлсын деген тілекпен қойылған есім.
Егізбай — бұндай есімдер егіз туган балаларға қойылып отырған. Синонимі — Қосжан.
Егізбек — егіз туған балаға қойылатын есім.
Еламан — ел-жұрт жаудан аман, сау болсын деген тілекпен қойылған. Синонимдері — Тыныштық, Бейбіт.
Елбар — елге, халыққа қызмет етуге әрдайым бар, дайын деген мағыналы есім.
Елбас — халқына, еліне басшы болсын деген тілекпен қойылған есім.
Елбек — елдің мықтысы, өз халқының каһарман ұлы.
Елдар — елін, Отанын сүйетін отаншыл.
Елдес — елі, жері бір деген мағыналы есім.
Елдос — елдің, халықтың досы, елін сүюші.
Елебай — бала елеулі, жұрт аузында атақ-даңқы шығып жүретін кісі болсын деген мағынада қойылған есім. Түрі — Еле- бек.
Елен — құрмет-сыйға бөлену.
Елеу — ескеру, көңіл бөлу, назар аудару; құрметтеу, сыйлау.
Елеубай — құрметті, сыйлы, жұрт назары түскен азамат.
Елжан — елдің, халықтың жаны, мақтанышы.
Елжар — елдің досы.
Елжас — елдің үмітін ақтайтын жас деген мағынаны білдіреді.
Елжасар — елі, жұрты арасында ұзақ өмір сүреді деген мағыналы есім.
Елібай — елі сияқты бай болсын деген мәндегі есім.
Елқам — елдің мұң-мұқтажын, қамын ойлайтын азамат болсын.
Елмұрат — елдің мұрат-мақсатын орындауға үлес қосатын азамат болсын деген тілекпен қойылған есім.
Елназар — елдің ықылас, назарына ілінген азамат болсын деген мәндегі есім.
Елнар — елдің сұйікті ер азаматы болсын деген мағыналы есім.
Елнұр — елдің нұры.
Елтоқ — елдің көңілі тояр азамат болсын деген тілекпен қойылған.
Елшібай — ел хабаршысы, жаршысы, ел арасындағы тыныштық сақтаушы. Синонимі — Елшібек.
Еңсебек — ой-өрісі кең, рухани бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Ералы — аса батыл, асқан жүректі батыр.
Ерасыл — аса аяулы, нағыз батыр.
Ербай — нағыз батыл, ер жүрек адам.
Ербала — батыл, ер жүрек бала.
Ербатыр — ер жүрек батыл адам, нағыз батыр.
Ербек — мықты, күшті, батыр адам.
Ербол — бала батыр, өжет болсын деген тілекпен қойылған есім.
Ерболат — бала батыл, өжет, батыр болады деген тілекпен қойылған.
Ербосын, Ерболсын — бала батыр, қаһарман, ержүрек болсын деген тілекпен қойылған.
Ербота — баланы ботаға балап қойылған есім.
Ергеш — алдыңғылардың соңынан еруші, ізін басушы.
Ерден — батыр, ер. Моңғол тілінен алынған эрдэнэ — қымбат зат. Біріккен тұлғалы есімдер — Ерденбай, Ерденбек, Ерденғали.
Ерденай — ай тұлғалы батыр.
Ерен — асқан, ерекше, айрықша.
Ержан — батыл, өжет адам, батыр кісі.
Ержігіт — ержүрек, батыл жігіт, азамат.
Ерік — толық еркіндік, бостандық.
Ерімбет — сенімді, мықты батырым болсын деп қойылған есім.
Еркебай — ерке бала болсын деп қойылған есім. Еркелете айтылатын түрі — Еркеш.
Еркеболат — айтқанын істететін ерке бала болсын деп қойылған есім.
Еркебұлан — бір үйдің әлпештеген аяулысы, қағу-соғу көрмеген ерке тотайы.
Еркін — өз ықтияры, еркі езінде, азат, басы бос, ерікті. Еркін сөзі құрамында келетін біріккен тұлғалы есімдер — Еркінбай, Еркінбек, Еркінғали, Еркінжан, Еркінтай.
Ерлан — бала батыл болсын деген тілекпен қойылған есім.
Ерлен — ер, батыр деген мәндегі есім.
Ерлік — батырлық, батылдық, ер жүректік.
Ерман — ержүрек, батыл адам дегенді білдіреді.
Ермат — ер+мат — мамет есімінін қысқарып өзгерген түрі, яғни Ермат — Ермамет.
Ермек — алданыш, жұбаныш. Орта жастан асқан ата-ана отбасында туған балаға ендігі ермегім болсын деп қойылатын есім.
Ернар — нар — халық ұғымында өте шыдамды, берік, күшті түйе. Нар тұлғалы батыр болсын деген мағынаны береді.
Ерсайын — қазақ тілінен алынған ер + монғол тілінен алынған сайын – жақсы. Яғни ең мықты, аса жақсы батыр.
Ертай — қазақ тілінен алынған ер + тай кісі аттары қосымшасы, яғни ер, батыр, батыл кісі.
Ертілес — өмірге келген бала келешекте батыр болса екен деген тілектен қойылған есім.
Ертіс — көне түркі тілінен келген, Ертіс өзені бойында туылған балаға қойылған есім.
Ертуған — өмірге батыр, ер жүрек боп келген.
Ерубай — қазақ тілінен алынған ер + у – соңынан ілесу + 6ай; соңынан еретін балалар көп болсын деген мағыналы есім.
Ес — ақыл-ес, ауыспалы мағынасы тірек, сүйеніш.
Есбай — ақыл-ойға бай болсын деп қойылған есім.
Есбатыр — Естібатыр деген есімдегі ті қосымшасы түсіп қалып, Есбатыр боп кеткен. Есті, ақылды батыр болсын деген мағынаны білдіретін есім.
Есберген — жаратқан ақыл, ес берген деген мағынадағы есім. Синонимі — Есберді.
Есбол — ақылды, сүйенішім бол, медеу бол деген мағыналы есім.
Есболат — өскенде ақыл косады, сүйеніш, медеу болады деген мағыналы есім.
Есей — қазақтың тілінен алынған өсу, ер жету, үлкен болу.
Есейжан — сау-саламат, аман туған жан.
Есен — қазақ тілінен – сау-саламат, аман. Біріккен тұлғалы есімдер — Есенаман, Есенәлі, Есенай, Есенбай, Есенбол, Есенгелді және т. б.
Есенай — бала дүниеге аман-сау келді, ай деген қуанышпен байланысты қойылған есім.
Есенберді — аман-есен, сау-саламат дүниеге әкелді, берді.
Есентемір — денсаулығы темірдей мықты, аман-сау болсын деген тілекпен қойылған.
Есжан — есті, ақылды адам.
Есіл — Есіл өзені бойында туған соң қойылған есім.
Есілбай — Есіл бойында туған ер бала.
Есім — ат, атақ, даңқ.
Есімбек — қазақтың есімі, аты, даңқы зор, мықты.
Есірке — аяу, жаны ашу, мүсіркеу.
Естібай – қазақ есімі ақылды, парасатты.
Жайдар — қазақ тілінен алынған жайдары — көңілді, ақ жарқын. Біріккен тұлғалы есім — Жайдарбек.
Жайлау — қазақ тілінен алынған шөбі шүйгін, соны, жазғы мал жайылымы.
Жайнақ — ашық-жарқын, жайдары.
Жайық — Орал өзенінің атына байланысты қойылған есім.
Жақсыбай — көпке жағымды, жұртқа сүйкімді болсын деген тілекпен қойылған есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Жакей. Синонимі — Садыбай.
Жақсылық — адам бойындағы жақсы қасиет, ізгілік, қайырымдылық.
Жалғас — тіркес, ұштас, селбес. Бұл есім алдыңғы балалардың жалғасы дегенді немесе содан кейін де балалар көбейіп, жалғаса берсін деген ұғымда берілген. Біріккен тұлғалы есімдер — Жалғасбай, Жалғасбек, Жалғастұр.
Жалтыр — ап-ашык, жалтыраған, жайнаған.
Жалын — күш-жігер, қайрат, қуат.
Жанат — ең асыл, көркем, керемет, рахат.
Жанғозы — қозы сияқты сүйкімді бала.
Жандай — аса қымбат, қадірлі.
Жандар — жан біткеннің дарындысы болсын деген тілекпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жандарбек, Жандархан.
Жансал — жан біткеннін серісі, еркесі.
Жаңабай — дүниеге, өмірге жаңа келген бала.
Жапан — кең жазық құлан дала. Бала өз өмірінде кең пейілді адам болсын деген тілекпен қойылған есім.
Жарық — сәуле, нұр.
Жансал — жан біткеннін серісі, еркесі.
Жансұлу — жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.
Жаңабай — дүниеге, өмірге жаңа келген бала.
Жапан — кең жазық құлан дала. Бала өз өмірінде кең пейілді адам болсын деген тілекпен қойылған есім.
Жарылқасын — құдай оңдасын, тәңір есіркесін деген мағынаны білдіреді.
Жасамыс — көпті көрген, ысылған, тәжірибелі.
Жасқайрат — жаңа қуатқа, қабілетке ие болсын деп қойылған есім.
Жасталап — жаңа талапқа ұмтылған жас бала деген мағынадағы есім.
Жасұзақ — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.
Жасұлан — жас жігіт, жас азамат деген мәндегі есім.
Жасыбай — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.
Жаялаубай — жайлау сияқты кең, жайлы болсын деп қойылған есім. Синонимі — Жайлаубек.
Жәрдем — көмек, тірек, сүйеніш.
Жемісбек — бала ержеткенде ата-ананың еңбегін ақтап, жемісін жегізетін болсын деген тілекпен қойылған.
Жеңіс — жеңіске ие болу, жеңу. Ұлы Отан сорысы аяқталып, гитлерлік фашизмді жеңген күні туған балаға қойылған есім. Күрделі тұлғалы есім — Женісбек.
Жетес — ақыл-ойы өзіне жеткілікті, ақылды болсын деген тілекпен қойылған.
Жетібай — ерте кезде 3, 7, 9 сандары киелі саналған, соған байланысты ер баланың өмір-жасы ұзақ болсын деген тілекпен осындай есімдер жиі қойылған. Қысқарта айтылу түрі — Жетен.
Жетіген — астрономия терминнен алынған – аспан жұлдызының бірі, жеті қарақшы.
Жетік — білімді, білгір.
Жетістік — қол жеткен табыс, жеңіс.
Жеткіншек — жас өспірім, жастар, жас буын.
Жиренше — халық аңызындағы әйгілі шешен есімі. Кейіннен ұрпақтан-ұрпаққа қойылып кеткен.
Жігер — қажыр, кайрат, күш, қуат; ынта, талап, ерік.
Жолан — баланың өмірде жолы боп, бақытты болсын деген тілекпен қойылған.
Жолдас — сенімді серік, пікірлес дос. Біріккен тұлғалы есімдер — Жолдасбай, Жолдасбек, Жолдасқан, Жолдасәлі т. б.
Жолдасбай — жолдасқа, доска бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Жолдасбек — бектің, бекзаданың жолдасы; жолдастыққа берік, мықты, тұрақты.
Жолдасқан — жолдас, серік.
Жолдыбай — жолы құтты, ақжолтай болсын деп қойылған есім.
Жолтай — бақыт, құт әкелетін, сәтті, ақ жолды.
Жүрсін — аман-сау болсын, ұзақ өмір сүрсін деген тілекпен қойылған есім.
Жұбан — жұбану, тынышталу, екінішін басу. Ертеде баласы тұрмай жұргенде туған балаға осындай ат берген.
Жұбаныш — қуаныш есімінің синонимі. Фонетикалык түрі — Жуаныш.
Жұзбай — бала жүз жасасын деген тілекпен қойылған есім.
Жұманбай— қымбат бағалы затқа бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Заңғар — қазақ есімі: үлкен, алып; зәулім, биік.
Игенбай — құдай жарылқаған, иіген, бай деген мағыналы есім.
Игілік — қайырымды іс, жақсылық.
Игісін — жақсы, қайырлы.
Ізбасар — әкесінің мұрагері, ізбасары болсын деген мақсапен қойылған есім. Қысқарған түрі — Ізтай.
Ілебай — Іле езені бойында туған балаға қойылған есім.
Кәдіржан — кәдірлі кісі, кәдірі жоғары адам.
Кекіл — баланың мандайға дейін қойған шашы.
Келіс — келіскен деген сөздің қысқарған түрі. Синонимі — Жарас.
Кенен — жеткілікті, мол; мырза, кең пейіл. Біріккен тұлғалы есім — Кененбай.
Кенже — ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз.
Кеңес — мәжіліс, мәслихат. Бұл есім совет (кеңес) өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап көп қойыла бастады. Ол Совет дәуірінде туған жаңа есімдер қатарына жатады.
Кеңшілік — жаңа есім – бостандық, еркіндік.
Киікбай — қазақ тілінен алынған киік — елік, бекен, тау ешкісі, қара құйрық тектес жабайы аң + бай.
Көбей — көп бол, өніп-өс деген мағынада.
Көбейсін — өссін, өсіп-өніп жетілсін. Синонимі — Көбейхан.
Көкбай — көк-аспан, тәңірі. Синонимі — Тәңірбай.
Көпбай — бала көпшіл болып, көпті сүйетін болсын деген мақсатпен қойылған есім.
Көпжан — көпшілікті, көпті жақсы көретін адам.
Көпжасар — бала ұзақ жылдар өмір сүрсін, жасы ұзақ болсын деген тілекпен қойылған.
Көркемжан — бала көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.
Күлбала — кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала.
Күнту — халқына, еліне күн боп туды деген мағыналы есім.
Қадырбай — қадырлы бай. Фонетикалық түрі — Қадырғали.
Қадырқан — қадыр + қан (хан). Қадыры, беделі жоғары хан деген мағынада.
Қазақбай — қазақ сөзіне бай сөзін қосу арқылы жасалған есім.
Қайыргелді — өмірге мейірімді, қайырымы мол, шапағатты жан келді деген мағыналы есім. Қысқарған түрі — Қайырке.
Қалау — талғап-талдау, қолқалау, ұнатқанын өз тілегінше алу. Біріккен тұлғалы есімдер — Қалаубай, Қалаужан.
Қалауша — ата-ананын қалауынша, тілеуіне сай туған бала.
Қалдыбай — бала бақытты, ғұмырлы болсын деген тілекпен қойылған есім.
Қалқа — ата-ананың қалқасы, қорғаны, панасы, сұйеніші болсын деген тілекпен қойылған.
Қалқаман — қалқа + ман — кісі, адам.
Қалыбай — оның меңі көп. Өте бақытты адам деген мәнді есім.
Қалыбек — онын меңі көп, бақытты бек деген мәнді есім.
Қанат — бұндай есім бала ата- анасының сүйеніші, тірегі болсын деген мақсатпен қойылған.
Қарасай — қара — ауыспалы мағынасы ірі, үлкен, зор, күшті + сай көне түркі тілінен Саг — алып, өте дәу, зор, яғни зор тұлғалы алып. Қазақ эпосындағы батырдың есімі.
Қаратай — қара — ірі, үлкен, зор + тай – көне түркі тіліндегі таг — тау сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен күйі. Яғни ата-ананың таудай үлкен тірегі, сүйеніші.
Қаршыға — бала қаршығадай тұйғын, қырағы болсын деп қойылған есім.
Қобдабай — қамысы көп, қалың жер. Осындай жерде отырғанда туған балаға әдетте осындай есім берген.
Қозы — балаларға мал төлінің атын қоя беру ертеден бар. Бұл сөз біріккен тұлғалы есімді жасауға қолданылады — Қозыбай, Қозыбағар, Жанғозы, Байғозы, Ерғозы және т. б.
Қойлыбай — қойға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Қолдас — қол сөзі мен дос қосымшасының бірігуінен жасалған есім. Көне түркі тілінде «қол басы» деген сөз.
Қорғанбек — бала ата-ананың мықты да берік қорғанышы болсын деген тілекпен қойылған есім.
Қосай — қазақ тілінен алынған бұл есім ана тіліміздің байырғы сөзі қос — екі, немесе егіз + ай сөздерінен жасалған. Демек, айға жет, айға жуық бол деген мағына береді. Қазақ эпосындағы батыр есімі.
Қошқарбай — бұл есім отбасында ер бала көп болуын қалаудан туған.
Қуан — ұл бала туғанда қатты қуану себепті қойылған есім. Синонимдері — Қуаныш, Қуандық.
Қуат — күш, жігер, қайрат.
Құлыншақ — құлынды кішірейте, еркелете айту түрі.
Құндыз — терісі бағалы аң. Бала құндыздай әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған.
Құралай — киіктің лағы; уақыт мезгілі (15—20 мамыр арасы). Әдемі, қара көзді құралай көз деген теңеу де бар.
Малбай — малға, дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған. Түрлері — Малбек, Малдыбай.
Малжан — малды, жалпы байлықты жақсы көретін жан.
Маман — қолынан іс келетін, өнерлі, шебер; маман адам.
Мамыр — ескіше көктемдегі ай аты.
Маралбай — маралға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Марқай — есей, ержет, үлкен боп өс.
Мейірбек — аса мейірлі, мейірбанды.
Мейірман — мейірімді, шафағатты, қайырымды адам.
Мейрам — мереке. Бала өмірі шат-шадыман, мерекеге толы болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.
Мең — адам денесіндегі қал. Біріккен тұлғалы ер (әйел) есімдері құрамында жиі қолданылатын сөз. Бұрынғы кезде бала бақытты болады деген сеніммен мең сөзін бала есіміне қосып отырған. Негізінде Мең, Меңлі сөздері сұлу, әдемі, көркем деген мағыналарда жұмсалған. Біріккен тұлғалы есімдер — Меңлібай, Меңгерей, Меңсұяу.
Меңдібай — денесінде меңі көп, яғни бақытты адам. Еркелете қысқартып айту тұлғасы — Меңдеш.
Мерген — қазақтың сөзінен нысанаға дәл тигізетін атқыш. біріккен тұлғалы есім — мергенбай.
Мерей — бақыт, қуаныш. Біріккен тұлғалы есім — Мерейбек.
Момынәлім — қазақ тілінен алынған жуас + араб тілінен алынған әли. Өте жуас, жұмсақ, биязы адам. Еркелете айту түрі — Момыш.
Мұрабай — мұраға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Мыңбай — баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.
Мырхайдар — арыстандай айбатты әмір, әкім, бастық.
Нарбай — нар – жалғыз өркешті ірі түйе; ауыспалы мағынасы — үлкен, мықты, ерекше, зор + бай. Бала үлкен, зор, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Нарбек, Нарбол.
Наркес — өткір, батыл.
Нармағамбет, нармұқамбет — қазақтың сөзі нар + араб тілінен алынған Мағамбет — зор, мықты Мұқамбет.
Нартау — бала тау сияқты зор, үлкен болсын деген тілекпен қойылған есім.
Нарту — дүниеге ірі, зор боп кел деген мәндегі есім.
Нарша — нардай мықты, қайратты, жігерлі.
Нарымжан — нарым — менің нарым, менің сүйіктім, менің жаным.
Нәдірбек — сирек, таңдаулы бек, әкім.
Нәзірбек — уәдеде, сертте тұратын, берік адам.
Несіпбай — өз бақыты, өз тағдыры бар, байлыкқа кенелген.
Нияз — тәжік тілінен алынған ниязъ — өтініш, тілек, жалбарыну; үміт; сый, тарту. Біріккен тұлға.
Ноғайбай — ноғай — халық аты + бай.
Нұрабай — Нұра өзенінің бойында туған балаға қойылған есім.
Нұрай — көркі, нұры айдай, сұлу, көркем.
Нұрақын — нұрлы, сәулетті ақын.
Нұрбол — нұрлы, көркем, көрікті болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрлері — Нұрболат, Нұрболсын.
Нұрдан — нұрдан туған, жаратылған деген мағынаны білдіреді.
Нұрталап — талабына нұр жаусын, талабы зор, талантты болғай деген тілекпен қойылған есім. Қысқартылған тұрі — Нұртай.
Нұсқар — ақыл-кенес берер ақылды бала болсын деп қойылған есім.
Ожарбай — қазақтың есімі ожар — қайсар, бірбет, өжет + бай.
Озарбек — озар, озу — алға тусу, озып кету + бек.
Озат — ол қатарынан озып кетеді, алға жетеді, алдыңғы қатарлы деген мәнде қойылған есім.
Ойлы — ақылды, парасатты, дана.
Олжабай — олжадан түскен, бере салған бала.
Олжас — ол жас қайрат, жас жігер деген мәндегі есім.
Омарбай — өмірлі, ғұмырлы адам.
Омарбек — өмір-жасы, ғұмыры ұзақ, мықты, берік.
Омарғали — ұзак өмір сүруші, көп жасаушы.
Омархан — өмірі ұзақ, ғұмырлы хан.
Онбай — бала өз теңінен он есе артық бай болсын деген тілекпен ертеде қойылған есім.
Оңалбай, оңалбек — шаруасы, халжайы жақсы, оңды бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Оңғар — оңда, түзе.
Оңғарбай — ісі алға басқан, ісі оңған бай болсын деген мәнді есім.
Оңдасын — құдай оңдасын, тәңір жарылқасын. Синонимі — Оңласын.
Оразғұл — бақытты қызметші.
Орақбай — астыққа, егінге бай болсын деп қойылған есім.
Орал — Орал өзені атынан қойылған есім.
Орасан — ерекше, ерен.
Орманбай, орманбек — орман-тоғай, баланы орманға ие болсын, соның байлығына бас болсын деген тілекпен осындай есім берген.
Орманшы — бала орман байлығын қорғайтын адам болсын деген тілекпен қойылған есім.
Орынбай — өмірде өз орнын таба алатын адам болсын деп қойылған есім.
Орынбек — өмірде орны берік, мықты.
Орынғали — өмірде алатын орны жоғары, биік.
Орынша — бәз қалпынша, баяғыша, өзгеріссіз, тұрақты.
Отан — жаңа есім, туған ел, өскен жер, сүйікті мемлекет.
Отар — отарда туған балаға берілген есім.
Отарбай — отарға, отарлы қойға бай болсын деген ниетпен қойылған есім.
Ошақбай — жанға, балаға бай болсын деген тілекпен де байланысты.
Өжет — өткір, батыл, табанды.
Өзенбай — өзенге, суға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
Өктем — өктем, үстем, басым, өмірлі.
Өлкебай — қарауында көп өлке, аймақ, алқап, тұрак, мекен болсын, соларға үстем болсын деген тілекпен қойылған есім.
Өмірбай — бала өмірлі болсын, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойған есім. Фонетикалық түрі – Өмірбек.
Өмірғали — өмірі Ғалидын өміріндей болсын деп қойылған.
Өндіріс — жаңа есім, өндіріс орны, кәсіпорын.
Өнеге — үлгі, тәрбие.
Өнербек — өнері мықты, өнерлі адам.
Өрен — жұрттан асқан ерекше, ерен; жасөспірім ұрпақ.
Өрім — жас өспірім, өндірдей жас жеткіншек.
Өсер — ер жетіп азамат болар деген мәнде. Біріккен тұлғалы есім – Өсербай.
Өскенбай — байлығы өсіп, көбейсін деген мағыналы есім.
Өтебай — байлығы асқан, тасыған бай.
Өтеген — орнын толтыру, төлеу.
Өтетілеу — ұл балаға зар болып, көп сұранып, тіленіп жүрген кезде туған сәбиге қойылған есім.
Палуанғали — аса күшті палуан.
Сабатай — қазақ сөзі саба — қымыз ашыту, сақтау үшін жылқы терісінен істелген кен ыдыс; ауыспалы
Сабыржан — сабырлы, шыдамды, төзімді кісі. Синонимі — Сабырқан.
Сағын — қатты аңсау, құмарту, көруге ынтық болу, яғни ата-ана ұлға зар болып жүргенде көрген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сағынбай, Сағынғали, Сағынтай.
Сағындық — ұзақ уақыт сағынып, сарғайып жүріп көрген ер бала.
Саймасай — бала әкесінен не анасынан аумайды, қатты ұксайды, дәл өзі сияқты деген мәнді есім.
Сайрамбай — Сайрам қаласында туылған адам.
Сайран — бала өмірде бақытты өмір сүрсін, сайрандап жүрсін деген тілекпен қойылған есім.
Сақтар — бале-жаладан сақтасын деген мәнді есім.
Самға — аспанға ұшу, шарықтау.
Сана — бала ынталы, ақылды, парасатты болсын деген тілекпен қойылған есім.
Сандыбай — қазақ тілінен алынған санды — әдеттен тыс, сирек кездесетін + бай.
Сапабек — адал.
Сарыбай — баланы алтынға балап немесе өмірде кең пейілді болсын деп қойған есім.
Сарын — қатты дыбыс, үн; қатты ағын үні, екпін.
Сауран — сый, тарту; ескіше екінші ай аты, сол айда туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сауранбай, Сауранбек.
Саурық — үйірге түспеген жас айғыр. Жас, жеткіншек деген мағынада.
Сауыт — батырлар киетін кіреуке. Бала мықты, берік болсын деп қойған есім. Біріккен тұлғалы есім – Сауытбай.
Саян — Саян тауы атынан қойылған есім.
Сексенбай — мұндай есім көбіне бала әкесі 80 жасқа келгенде туған балаға қойылады.
Серікбол — көптің серігі, досы бол деген тілекпен қойылған есім.
Серке — қой бастайтын серке; ауыспалы мағынасы басшы, жетекші, көсем. Біріккен тұлғалы есім — Серкебай.
Сомбел — белі мықты, күшті, балуан тұлғалы бөлсын деген тілекпен қойылған есім.
Сүиінбала — көңіл тойып, сүйсінерлік қыз бала.
Сүйеу — ата-ана, туысқа тірек, таяныш болсын деп қойылған есім.
Сүйін — ырза болу, сүйіну, көңіл толу.
Сүйінбай — көптің көңілі толсын, істеген ісіне разы болып сүйсінсін деген мәндегі есім.
Сүттібай — сүтке, жалпы аққа бай болсын деп қойылған.
Сұлтангелді — дүниеге, өмірге билеуші әкім бала келді деген мәндегі есім.
Сұлтанмұрат — бала сұлтан боп тілегіне, мұратына жетсін деген мағынаны білдіретін есім.
Сұңқар — бала сұнқардай көреген, батыл болсын деп қойылған есім.
Сындыбай — сымбатты, әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған есім.
Сырғабек — сырға берік, мықты болсын деп қойылған есім.
Табар — қазақ сөзіне тап + ар есімше жұрнағы жалғанып жаңалған сөз, яғни бала білімді болсын деп қойылады.
Табылған — баласы өлген үйде дүниеге жаңадан келген сәбиге жоғалғаны табылды деп осылайша ат берілген. Кейде табылған да деп қоя береді.
Тазабек — нағыз мықты, берік адам, нағыз бек.
Тайбек — тайға мінгенде құламайтын, жығылмайтын, мықты берік отыратын бала болсын деген мақсатпен қойылған есім. Еркелетіп қысқартып айту түрі -Тайжан.
Тайлақ — ботадан үлкен бір жасар түйе атауы. Түйе малының атауынан қойылған есімдер ертеде көп қойылып отырған.
Таймас — өмірде алған өз бағытынан, алға қойған мақсатынан қайтпас бала.
Тайшық — тибет тілінен бұл есім көне түркі тілдерінде дәреже ретінде қолданылған тибеттің тайши сөзі.
Талжан — тал, өзен бойында өсетін сәнді, нәзік, иіліп тұратын ағаштың бір түрі, қосымша – жан.
Талмас — арымас, шаршамас (адам).
Тана — ақықтан жасалған үлкен жалтырауық түйме.
Танабай — қазақтың сөзі тана — екі жасар баспақ + бай. Сиыр малы атауынан қойылған есімдер көп болған. Синонимдері — Бұка, Бұқабай, Өгізбай, Сиырбай, Бұзаушы және т. б.
Таңат — таң атқан кезде туған балаға ертеде осындай ат берген. Біріккен тұлғалы есімдер — Таңатқан, Таңатар.
Таңбол — ата-ананың сәулесі, мандайындағы жарығы, бақыты болсын деген ниетпен қойылған есім.
Таңсықбай — ұл балаға әбден таңсық, құмар боп жүргенде туған балаға қойылған есім.
Тасболат — тас пен болаттай мықты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.
Тасемен — тасқа шыққан емендей мықты боп, ұзақ жасасын деген тілекпен қойылған есім.
Тасқын — бала өмірі тасқындай боп өтсін деген мәндегі есім.
Тастай — бала тас сияқты мықты, мәңгілік болсын деп қойылған есім.
Тастемір — ата-ана тарапынан баланың өмірлі болуын, тас пен темірдей мықты, берік болуын тілеп қойылған есім.
Тастүлек — мықты ұрпақ, жеткіншек.
Татубай — бақытты, тыныш, бейбіт өмір сүруші (адам).
Тау — шың, асқар, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Таубай, Таужан, Тауман. Қысқартып айту түрі – Тауан.
Тауасат — өмірдің ең қиын асуларынан аса алатын деген мәндегі есім.
Тәрбие — араб тілінен – тәртіп, ауыспалы мағынасы ұлгі – өнеге.
Тәттібай — тәтті, ауыспалы мағынасы тойымды, қадірлі.
Тәуекел — тәуек + кәл — батылдың, бел байлағандық.
Тәуір — жақсы, оңды.
Темір — бала өмірі темірдей берік, мықты болсын деп қойылған есім. Синонимі — Тимур.
Темірболат — бала темірдей мықты, берік болады деген сеніммен қойылған есім.
Темірқан — темір сияқты мықты хан. Синонимі — Хантемір.
Темірлан — темір + қосымша лан
Теміртас — темір мен тастай мықты, берік.
Теміртүлек — темір + түлек. Синонимі — Тастүлек, яғни жеткіншек, өспірім.
Теңдік — бостандық, еркіндік, тең құқықтық.
Теңізбай — байлығы теңіздей шалқыған даулетті адам.
Тиес — тиісті, тиесілі, қатысты.
Тиянақ — тірек, тұрақ, табандылық.
Тілеген — тілеп, сұрап алған бала.
Тілек — мақсат, арман, ниет, ой. Бұл есім көбіне ұл баланың бөлуын армандап жүрген ата-аналар тарапынан қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Тілебалды, Тілепберген, Тілепберді, Тілекбай, Тілеубай, Тілекмет.
Тілеміс — тіле — сұрау, қалау міс — көнежұрнақ, казіргі кездегі ған=ген жұрнағына сәйкес. Тілеп алған, сұрап алған деген мағынаны білдіреді.
Тоғызақ — әртүрлі бақытсыз себептерден сақтау мақсатымен өз балаларын ата-аналардың сатып алу ғұрпы мен төлем ақысына тоғыз түрлі зат беріледі де, өндай балаға әдетте Тоғызақ немесе Сатыпалды деген ат қөяды.
Тоғызбай — бұл есімнің де қойылу сыры сол Тоғызақпен тығыз байланысты.
Тоқсанбай — тоқсан + бай; бұл есім бала тоқсан жасқа келсін деген тілекпен бірге оның әкесі тоқсан жасқа келгенде туғандықтан да қойылған.
Тоқтар — ұл бала тұрақтамай өле берген семьяда ерте кезде ырым жасап, бала тоқтасын деген мақсатпен қойылған есім. Олар тұрлі тұлғада койылып отырған: Тоқтасын, Тоқтамыс, Тұрсын, Тұрбек, Тұрғамбек, Тұрған, Тұрсынбек т.б. Біріккен тұлғалы есімдер — Тоқтарғали, Тоқтархан.
Тоқтыбай — ертеректе тоқты айы деген ай аты болған. Ол қазіргі наурыз айына сәйкес келген. Мұндай есім сол айда туылған балаға беріліп отырған.
Толағай — дәу, алып, қара күші мол болсын деп қойылған есім.
Толыбек — үй тола бала боп, олар шетінен бек, әкім болсын деген тілекпен қойылған есім.
Толыс — жетіле, өсе түс, ер жет.
Торғын — үлбіреген жұқа жібектің бір түрі.
Төбей — үлкен, зор.
Төлбай — үй балалы болсын, балалар көп болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелетіп айту тұлғасы — Төкен.
Төлғожа — тұнғыш бала өзінен кейінгі салалардың үлкені болсын деп қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Төлжан.
Төлебай — бұл есім өлген баладан кейінгі туған балаға қойылған.
Туғанбай — туған + бай. Бай болып туған.
Түгелбай — бала шексіз бай, ауқатты, әлді болсын деген мақсатпен қойылған есім.
Түлек — жас өспірім, жеткіншек.
Түлкібай — балаға ан атын қою дәстүрі ертеден бар. Батылдық пен айбаттылықты қаласа Арыстан, Қасқырбай, Борібай, ақылдылық пен айлакерлікті қаласа Түлкібай деп ат қойған.
Түргенбай — түһген — жылдам, тез + бай.
Тұрған — берік тұрып қалған, тоқтаған.
Тұрдыбек — бала көп жасасын, ұзақ өмір сүрсін деп қойылған есім. Дыбыстың өзгеру түрі — Тұрлыбек.
Тұрманжан — ертеде көшпелі тұрмыста ер-тұрманның маңызы аса зор болған. Сондықтан балаларға шеберлікті меңзеп осылайша ат қойып отырған.
Тұрсын — баласы тұрақтамаған семьяда туған балаға осындай есім берілген.
Тұрсынбай — яғни көп, ұзақ жасасын.
Тұрсынбек — яғни өмірі берік болсын.
Тұрсынжан — жаны аман болсын, көп жасасын.
Тұяқбай — тұяқ — уақ мал, қой-ешкі; ұрпақ, мұра. Бұл есім бала уақ малға бай болсын деп және әкесі елгеннен кейін туған балаға әкеден қалған ұрпак, мирас болсын деген мағынада қойылған.
Тыналы — тынышталды, көңіл орнына түсті, басылды.
Тыныс — дем; үзіліс, дамыл, тыным.
Тыныстан — дем алу, дамылдау.
Үдербай — көшіп-қону кезінде туған балаға қойылған есім. Түрлері — Көшербай, Көшімбай, Қонысбай.
Үлгібай — бала өнегелі, тәрбиелі болсын деп қойылған есім.
Үстем — басым, артық.
Ұзақ — бұл есім баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген мақсатпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жасұзақ, Өмірзақ, Байұзақ, Мыңжасар, Көпжасар.
Ұйықбай — бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.
Ұлас — жалғас, селбес.
Ұлықбек — ұлы, зор + бек.
Хангелді — ер баланың мықты, күшті, атақты болуын тілеп қойылған есім. Қысқартып-еркелете айтылатын түрі — Қаныш.
Шажабек — көне қазақ сөзі шажа — таудың басы, шың + бек.
Шамбыл — ащы дәмді өсімдік.
Шамел — елдің жарығы, жарқыраған шамы бол деген тілекпен қойылған есім.
Шамжан — шамша жарқыраған, ашық жүзді, ақ жарқын адам.
Шапақ — таңғы жарық.
Шара — қазақ есімі — көздің ұясы, ойдымы, көздің аумақ көлемі; амал, әдіс, айла.
Шаттық — қуаныш, көңілділік.
Шашубай — қазақ тілінен алынған қолы ашық жомарт, мырза болсын деген тілекпен қойылған есім.
Шеге — бала шегедей мықты, берік, тұрақты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.
Шегебай — баланын денсаулыры шегедей берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете қысқартып айту түрі — Шеген.
Шоқы — биік төбе, дөң; шың. Бұлайша есім беру баланың мәртебесі, атағы жоғары болсын деген ойдан туса керек.
Шоқыр — балықтың бір түрі.
Шолпанбай — бала таңғы жарық жұлдыз шолпандай болсын деп қойылған есім.
Шомбал — зор, ірі, жуан.
Шортанбай — шортан балығы атынан қойылған есім. Бала суда еркін жүзғен балықтай өмірде де еркін болсын деп қойылған.
Шығанақ — құрлықпен ұштасқан су кеңістігі, айлақ. Бала шығанақта туған себепті осындай есім берілуі мүмкін.
Шымыр — нығыз, берік, денесі мығым; батыл. Біріккен тұлғалы есім — Шымырбай.
Шынар — қазақ тілінен алынған — биік, тау терегі, шынар ағашы; жадырақты зәулім биік ағаш; ауыспалы мағынасы колжетпес биік, асқақ.
Шынтемір — темірдей мықты.
Ырысалдым ырыстың, бақыттың алды. Қазақ тұңғыш балаға ырыстың бастауы болсын деп осындай есім берген.
Ырысбала — бақытты, ырысты қыз бала. Синонимдері — Ырысжан, Ырысқан, Ырысқалым.
Ырысбек — бақытты бек.