Қазақтың байларында қанша мал бар еді?

Қазақ байлықты малмен өлшеген ғой. Ең бай деген қазақтың мал саны қаншаға жеткен?
Қайрат ҚУАНДЫҚҰЛЫ,
Семей қаласы
Бай деп қазақ адамның әл-ауқаты жоғары адамды ғана емес, бір рулы елді басқарып, сол елдің түгел экономикасы, көңіл күйіне әсер етіп отырған ерекше жандарды атаған. Ал енді тура мағынасына келсек, қазақ байлықты қолдағы ұсақ малмен емес, ірі қара, оның ішін­де жылқы санымен өлшеген. 5000-нан жоғары жылқысы бар адамды бай есебіне жат­қыз­ған. Орыс зерттеушілері   ең­бек­терінде өз жылқыла­ры­ның санын да білмеген қазақ­тардың болғанын жазады. ­ Айта­­лық, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу­дағы» Баянның әкесі Қара­байдың жылқылары 90 мыңнан асып жығылғаны жазылады. Француз ғалымы Гуттен Чапский «Қазақтардың жылқы табын­дары ғаламат үлкен, бай иелік­терінде 8-10 мыңнан бас­тап жылқы болса, кедейлердің өзінде 20-дан кем болмаған» деп жазады. Ал әйгілі Шоқан жазбаларында арғын ішіндегі Сапақ байда 18 мың, қаржас Азнабайда 25 мың жылқы бол­ған деген деректер бар. Осын­дағы Сапақтың жылқыларынан да бөлек, толып жатқан түйесі, мыңғырған ұсақ малы болған. Жүз шақты малшы ұстаған Сапақ бай көшкенде 150 түйеге жүк артқанға ұқсайды. Ал Алда мен Жұман атты байларда 23 мың жылқы болыпты. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста