Қазақтың әскери лауазымдары қалай аталған?

Қазақы әскери атаулардың мағынасы жайлы білгім келеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әскери лауазымдар қалай аталған?
Олжас,
Қарағанды
Жалпы, әскер атауы арабтың «әс­кәр», пар­сы­ның «ләшкәр» деген сөзінен шыққан. Қа­зақтар әс­керді «сар­баз», «жауын­гер», «жасақ», «қол» деп атаған. Қазақ халқы әс­кер­дің түріне, құ­ра­мы­на және ерекшелігіне байланысты атты әс­кер, жаяу әскер,  ондық,  жүздік,  мыңдық,  түмен,  жа­сақ, қосын, қол, лек, аламан, оң қанат, сол қа­нат, ше­ру, сап, шеп, тағы басқа дәстүрлі әскери атау­­­­лар­ды қолданады. Сондай-ақ әскер­дің сарбаз, жауынгер мағына­сын­дағы  ба­тыр (ба­hа­дүр),  аламан,  сыпай,  шора,  ше­рік,  жа­­сауыл, сар­баз, жауынгер тағы басқа жа­рыс­палы атаулары бол­ған. Ал дәстүрлі лауа­зым­дар  он­басы,  жүзб­а­сы,  жүзбегі,  мыңбасы,  мың­бегі, түмен­ба­сы, аға (аға батыр),  тархан,  қол­­ба­сы,  батырбасы,  сар­дар,  бек, беглербегі, әмір, т.б деп аталады. Шабуыл кезін­де не қорғаныста жеке әрекет етіп, жер жағ­дайын талғамай тұтқиылдан тиісуге оң­тай­­лы­лығымен ерекшеленетін атты әскер өте ер­те­де Азия елдерінде пайда болған. Содан болар, қазақ халқының ерте заманнан бер­гі жауынгерлік жо­рықтары атты әскермен тікелей бай­ланысты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста