Қазақстанның Туында ғана жанды бейне бар

Дүбірлі спорттық жарыстарда көптеген елдердің мемлекеттік тулары желбірейді. Кейбіреуін ажырату қиын. Әлемдегі ұқсас туларды қалай ажыратамыз?
Арман БАЯХМЕТ,
Шығыс Қазақстан облысы
Әлем елдері арасында мемлекеттік тулары арасында ұқсас мемлекеттер бар. Мысалы, еуропалық елдердің басым көпшілігінің мемлекеттік жалаулары үш жолақты келеді. Үш түсті жолақтар кей­бірінде тігінен орналасса (Франция, Ита­лия, Ирландия, Бельгия, Румыния, Мол­дова, т.б.), енді бірінде көлденеңінен (Гер­мания, Нидерланды, Болгария, Сло­ве­ния, Ресей, т.б.) тұрады. Сонымен қа­тар солтүстік еуропалық елдердің жа­лау­ларына айқыш белгілер тән болып келеді. Тек түстерінде ғана айырмашылықтар бар Скандинавия (Финляндия, Швеция, Дания және Норвегия) елдерінің тулары сол мем­ле­кеттердің бір-біріне жақын екенін көр­сетеді. Ал ұқсас байрақтарға келер болсақ, Ирландия мен Италияның туларын бір-бірінен ажырату қиынырақ. Италия жала­уын­да (солдан оңға қарай) жасыл-ақ-қызыл болса, Ирландия жа­сыл-ақ-қыз­­­ғылт-сары түстерді  таңдаған.  Осындай ұқсастық Оң­түс­­тік Америка құрлығын мекендейтін Арген­тина мен Уругвайда да бар. Аргентинаның жалауында күннің бейнесі орта тұсында, ал Уругвайдың туында сол жақ бұрышында бейнеленген. Егер АҚШ, Либерия және Ма­лайзияның байрақтары алыста желбіреп тұр­са, ажырата алмауыңыз мүмкін. Себебі аталған мемлекеттердің туларында қызыл-ақ көлденең жолақтар бар. АҚШ-тың жа­лауында Құрама Штаттарды бейнелейтін 50 жұлдызша болса, Либерияда үлкен бір жұлдыз, ал Малайзияның туында ай мен шоқ­жұлдыз орналасқан. Егер әлем елдерінің мемлекеттік туларын қарап шықсаңыз, ең әдемі, мәнді және жанды бейне салынған тек Қазақстанның ғана мемлекеттік байрағы еке­нін байқайсыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста