Былтыр қоғамның қызу талқысына айналған Ел бірлігі доктринасы қабылданған-тұғын. Сол туралы қысқаша мағлұмат бере аласыздар ма?
Әсет ПЕРНЕБАЙ, студент
Қазақстанның ел бірлігі доктринасы бес бөлімнен тұрады. Онда қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар және ел бірлігін нығайтудың өзектілігі, ел бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың мақсаты, міндеттері мен принциптері, доктринаны іске асырудың негізгі бағыттары, этносаралық өзара іс-қимыл институттарын нығайту, тіл саясаты, білім беру мен тәрбие, рухани-мәдени, ақпараттық, құқық және құқық қорғау, конфессияаралық қатынастар салалары қамтылған.
Ел бірлігі доктринасы 2008 жылғы 23 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Аталған доктрина Конституцияның, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне, сонымен қатар аталған саладағы халықаралық құқық нормаларына негізделген.
Бұл құжатта ұлттық саясаттың мақсаттары, міндеттері, ұстанымдары, сондай-ақ оны іске асырудың негізгі бағыттары баяндалған.
Доктрина қоғамды әрі қарай ұйыстыруға қолайлы шарттарды қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге негіз болып табылады.
Қазақстанның ел бірлігі доктринасы неге негізделген?
Последние статьи автора