Әлемдік қауымдастық алдында еліміздің имиджін айшықтайтын басты бренділеріміз қандай?
Аружан Айдарбаева, Талғар
Жалпы, елдігімізді паш ететін бренділеріміз баршылық. Кеше ғана www.vlast.kz сайты жария еткен негізгі 10 брендіні назарға алғанды жөн көрдік. Бірінші брендіміз – мұнай. Жылдан-жылға мұнай өндіруді арттырып жатқан Қазақстанның болжанған мұнай қоры 50-60 жылға жетеді. Әлемдегі ең алғашқы әрі ең үлкен ғарыш айлағы саналатын Байқоңыр – елдің екінші брендісі. Халықаралық аренада үлкен беделге ие болған Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – еліміздің бренді. Қазақстан Азия елдері, ТМД бойынша 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, ұйымның Астанадағы саммитін өткізді. 56 ел кіретін ЕҚЫҰ-ға төрағалық елдің брендісі саналады. Әлемдік додаларда топ жарып жүрген «Астана» велокомандасы – Қазақстанның мақтанышы, елдік брендісі. Қоғам қайраткері О.Сүлейменов құрған Невада-Семей антиядролық қозғалысы елді әлемге танытып, ұлттық брендіге айналды. Аталған сайт «Борат» фильмін де бренд деп бағалапты. Әр үш жылда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – Қазақстанды танымал еткен бренді. 2011 жылдың қаңтар-ақпанында Астана мен Алматы қалаларында өткен VII қысқы Азия ойындары елдің брендісі болып қалды. Қазақстанның көңілді және тапқырлар командасы (КВН) бренд болып танылды. Әрине, бұл – әйгілі бренділеріміздің бер жағы ғана.
Қазақстанның басты 10 бренді қандай?
Последние статьи автора