Қазақстандықтар 2021 жылдың наурызында 19 күн жұмыс істеп, 12 күн демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 
Бірінші мереке, Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), дүйсенбіге түсіп тұр. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.
 
Наурыз мейрамы кезінде ел тұрғындары бес күн демалады - сенбі, 20 наурыздан сәрсенбі, 24 наурызға дейін. Ресми демалыс күнінің бірі жексенбіге түсіп тұрғандықтан демалыс сәрсенбіге ауысады. 
 
 
Осылайша қазақстандықтар наурызда 12 күн демалып, 19 жұмыс күн жұмыс істейді.
 
Жалпы 2021 жылы бес күн жұмыс істейтіндерде 120 демалыс күні мен 245 жұмыс күні болады.