Астанадағы ең биік ғимараттар жайлы білгім келеді. Ол ғимараттың биіктігі қанша, неше қабат?
Әлиәкпар, Ақтөбе қаласы
Болашақта Астанада аспанмен тілдескен ғимараттар көптеп салынады. Солардың бірі – 88 қабатты «Абу-Даби Плаза» ғимараты. Қазір бұл нысанды Біріккен Араб Әмірліктерінің Лувр филиалының мердігерлері салып жатыр. Бұл 88 қабатты ғимарат тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болуы тиіс. Мұнан кейін биіктігі жағынан ең үлкен ғимараттар, біріншісі – биіктігі 210 метрлік 53 қабатты «Асыл тас», екіншісі – биіктігі 180 метрлік 44 қабатты «Солтүстік Шұғыла», үшіншісі – биіктігі 174 метрлік 40 қабатты «Қазақстан Темір Жолы мұнарасы», төртіншісі – биіктігі 155 метрлік 34 қабатты Transport Tower ғимараттары. Сонымен қатар бұл нысандар бүгінде елордамыздың сәнін арттырып тұрғанын айта кету қажет.
Қазақстандағы ең биік ғимарат Астанада салынады
Последние статьи автора