Қазақстанда қанша ұлт тұрады?
Баспасөз беттерінде Қазақстанда қанша ұлт тұратыны туралы мәліметтер сан алуан. Мен осы көрсеткіштің нақты қанша екенін білсем деп едім?
Маржан Хасенқызы, Алматы облысы
2010 жылғы 1 қаңтардағы ақпарат бойынша, бүгінде республика халқының саны – 16 196 800 адам. Сондай-ақ елімізде 140 түрлі өзге ұлт бар. ҚР Статистика агенттiгiнiң мәліметіне қарағанда, 2010 жылдың басында Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесi 63,6 пайызды, орыстар – 23,3, өзбектер – 2,9, украиндер – 2, ұйғырлар – 1,4, татарлар – 1,2, немiстер – 1,1, басқа ұлыстар 4,5 пайызды құрады. Сондай-ақ Қазақстанда кейбір ұлттардың аз ғана өкілі өмір сүріп жатыр. Мәселен, олардың қатарына саха, мордва, болгар, ғағауыз сынды ұлттарды жатқызуға болады. Бұл ұлт өкілдері бүгінде жер иесі – қазақтармен тату-тәтті, бірлікте және жарасымды тіршілік кешуде.