Қазақстан құрлықішілік елдердің ең ірісі ме?
Әлемде мұхит жағалауында орналаспаған елдер қанша? Мұндай елдер қай құрлықта көп?
Нұрахмет МҰСАҒАЛИЕВ, Ақтөбе облысы
Бүгінде дүниежүзінде әлемдік мұхитқа шығуға мүмкіндігі жоқ 43 мемлекет бар. Мұхиттан алыс елдер, негізінен, Африка мен Еуропа құрлығында орналасқан. Азияда мұхит жағалауына шыға алмайтын елдердің қатары – 12, олар: Армения, Ауғанстан, Әзірбайжан, Бутан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, Тәжікстан, Өзбекстан және Оңтүстік Осетия. Өзбекстан мұхитқа шыға алмайтын мемлекеттермен ғана шектеседі. Әлемдегі гидросфераның негізгі бөлігімен байланысы жоқ елдердің ішінде халқының саны жөнінен ең ірі мемлекет – Эфиопия. Ал мұхитқа шыға алмайтын елдер арасында жер көлемі жөнінен ең үлкені – Қазақстан.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу