Осы салыстырмалы түрде Орталық Азия елдерінің әскери бюджеті мен әскери-техникалық жарақтануы қандай екенін білуге бола ма?
Айбар ДҮЙСЕНТАЕВ, Тараз
Әрине, Қазақстан мен Өзбекстанның әскери бюджеті 1,4 млрд АҚШ долларын құрайды, бұл Тәжікстанның әскери бюджетінен 20 есе, Қырғызстанның әскери бюджетінен 45 есе көп деген сөз. Осындай мәліметті штаб-пәтері Лондонда орналасқан IISS халықаралық стратегиялық зерттеулер халықаралық орталығының есебіне сілтеме жасаған REGNUM агенттігі хабарлады. Сарапшылардың дерегі бойынша, Қазақстанның әскери қызметшілерінің саны – 65 мың, Өзбекстан әскері – 50 мың, Қырғызстан мен Түрікменстан сарбазы – 20 мың, Тәжікстан әскері – 16 мың.
IISS есебінде Орталық Азия елдері армияларының әскери-техникалық жабдықталуы туралы мәліметтер де келтірілген. Бұл бойынша Қазақстан айбарлы армиясында 2210 БТР, 980 танкі, 278 әскери тікұшақ пен жойғыш ұшақ бар. Түрікмен армиясының сапында 1941 БТР, 680 танкі, 112 әскери тікұшақ пен ұшақ қызмет етеді. Ал Өзбекстан армиясының қуатын 700 БТР, 340 танкі, 135 әскери жойғыш ұшақ пен 500 зеңбірек арттырып тұр. Тәжікстанға КСРО күйреген соң қуатты кеңес әскерінен бәлендей ешнәрсе бұйырмапты. Тәжік армиясында бар болғаны 46 БТР, 37 танкі, төрт тікұшақ пен бір әскери ұшақ бар.
Қазақстан мен Өзбекстанның әскери бюджеті Қырғызстаннан 45 есе көп
Последние статьи автора