Қазақстан Композиторлар одағы қай жылы құрылды және оны кімдер құрғанын білгім келеді. Кейбір деректерде одақтың алғашқы атауы мүлде бөлек болды деген де мәліметтер бар.
Данияр Жұмай, Талдықорған қаласы
Шынында да, бұл одақты 1939 жылы қарашаның 3-і күні қазақстандық композиторлар Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди, Сергей Шабельский мен Борис Ерзакович бірігіп құрған болатын. Кейіннен 1959-1960 жылдар аралығында Қазақстан Композиторлар одағына М. Төлебаев төрағалық еткен болатын. Алғашқыда бұл мекеме еліміздегі композиторлар мен сазгерлердің жұмысын ұйымдастырып, шығармаларын елге таныту мақсатында құрылған болса, ал 1957 жылы оның атауы Ұйымдастыру комитетінен Қазақстан Композиторлар Одағы болып өзгертілді. Негізгі мақсаты – одақ мүшелерінің идеялық, кәсіби деңгейін көтеруге ықпал ету, ұлттық, классикалық және осы заманғы музыка өнерінің озық дәстүрлерін дамытып, насихаттау. Одақтың алғашқы төрағасы болып Евгений Брусиловский сайланған болатын.
Қазақстан Композиторлар одағының құрылуына Төлебаев мұрындық болған
Последние статьи автора