Қазақстан – аралас басқаруды таңдаған ел

Қазақстан – аралас басқаруды таңдаған ел

Парламенттік және президенттік басқару дегенді білемін. Ал Қазақстан қандай басқару түрін таңдаған? Бізді кейбіреулер «президенттік» десе, енді бірі «суперпрезиденттік» ел деп атайды екен. Нақты жауап берсеңіздер екен.Бақытжан ОМАРБЕК, Алматы

Парламенттік республикада заң шығарушы органның құзіреті кең болады. Мысалы, Италия, Түркия, Германия, Грекия, Голландия, Бельгия, Ұлыбритания, Израиль т.б. мемлекеттерде осы басқару түрі енгізілген. Бұл елдерде атқарушы билік – үкімет президенттің емес, парламенттің алдында ғана есеп береді. Парламент кез келген сәтте президентке импичмент жариялап, үкіметті таратуға құқылы. Және елдің жоғарғы лауазымды тұлғасы президент емес, премьер-министр болады. Сайлау пропорционалдық жүйемен өткізіледі. Ал президенттік республикаларда елдің сыртқы және ішкі саясатын президент айқындап, үкіметтің есебін тыңдайды. Яғни атқарушы биліктің барлығы мемлекет басшысының құзіретіне беріледі. Латын Америкасы елдері мен посткеңестік мемлекеттердің дені осы басқару түрін таңдаған. Еуропада Франция – президенттік республика. Сонымен қатар осы екі басқару түрінен басқа аралас республикалар да бар. Парламент пен президент билікті бөліскенмен, кей жағдайда мемлекет басшысы заң шығарушы органды таратып, кезектен тыс сайлауды белгілей алады. Мұндай елдерге Португалия, Армения, Литва, Украина, Словакияны жатқызуға болады. Кейбір сарапшылар Ресейдегі билікті де «аралас басқару» деп атайды. Ал 2007 жылғы мамыр айында Конституциямызға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан да осы басқару түрін таңдады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста