Қазақ прокуратурасының тарихы қашаннан бастау алғанын білгім келеді. Нақты мәлімет берсеңіздер екен.
Кемелжан, Астана қаласы
Қазақстан прокуратурасының алғашқы қалыптасуы мен дамуы 1922 жылдың 13 шілдесіндегі Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 3-інші сессиясының 2-нші шақырылымының шешімінен бастау алған. Содан кейін Әділет халық комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы құрылды. Соған сәйкес Әділет халық комиссары республика прокурорының міндетін қоса атқарды. Осы сессияда «Прокурорлық қадағалау туралы ереже» бекітіліп, 1933 жылы оның өкілеттігі кеңейе түсті. Әділет халық комиссары жанында прокуратура басқармасы құрылып, дербестікке қол жеткізді. Яғни тұңғыш рет прокурордың міндеттері Әділет халық комиссарынан бөлінді. Мұнан кейін бұл сала бірнеше тарихи сатыдан өтті. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдың 17 қаңтарында ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен «ҚР прокуратурасы туралы» Заң күшіне еніп, Тәуелсіз Қазақ елінің төл прокуратурасы іске кірісті.
Қазақ прокуратурасының тарихы 1922 жылдан басталған
Последние статьи автора