Қарыз беріп, ақшаңызды қайтара алмай жүрсіз бе?

Қарыз беріп, ақшаңызды қайтара алмай жүрсіз бе?

Көбі қарызға ақша аударылғаны туралы түбіртек немесе тиісті тілхат болмаса, берген  ақшасын қайтару мүмкін емес деп ойлайды. Бірақ, бұл – қате түсінік, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Туысыңыз немесе танысыңызға қарызға ақша беріп, алайда оны қайтара алмай жүрсіз бе? Мұндай жағдайда не істеу керек?

 

Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызы қарызды қайтарудың жолдарын ұсынады.

 

Қарызды қайтарудың төрт әдісі бар. Олар:

 

1.Ауызша келісім бойынша;

 

2.Түбіртекпен;

 

3.Қарыз шарты бойынша;

 

4.Нотариус куәландырған қарыз шарты бойынша.

 

Егер қарыз сомасы 100 АЕК-тен аспаса, ақшаны алғаны туралы дәлел ретінде бір адамның сотта берген айғағы жеткілікті. Ол  куәгер «Ақшаны кім алды?», «Кім берді?», «Қанша?», «Қанша уақытқа?» деген сұрақтарға жауап беруі керек. Куәгер ретінде қарыз берушінің жақын туысы да (күйеуі, әйелі, ағасы, әпкесі) бола алады.

 

Қарыз ақша 100 АЕК-тен астам  болса, аудиожазба қарызды мойындайтын мәміле фактісін дәлелдей алады. Аудионы жазып алу үшін түрлі жабдықтар қолайлы: телефон, диктофон немесе бейнекамера. Телефон арқылы «Қарызды қашан қайтарасыз?» деп сұрауға да болады. Егер сұхбаттасушы: «Мен оны бір айдан кейін қайтарамын» деп жауап берсе, бұл қарызды растау үшін жеткілікті.

 

Осы дәлелдердің барлығы да сотта қарызыңызды қайтаруға дәлел болады.

 

«Бұл жағдайда сіз екі жолмен мемлекеттік мекемеге жүгіне аласыз. Оның біріншісі: Азаматтық кодекс бойынша азаматтық істер жөніндегі сотқа шағымдануға болады. Екіншісі: қарыз сомасы аса ірі мөлшерде болса және қарыз алған адам оны қайтаруға мүлдем ойы болмаса, құқық қорғау органдарына арыз жазыңыз. Ол кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес іс қозғалуы мүмкін»,-деді заңгер.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста