Қарқара атауы қайдан шыққан?

Елімізде Қарқара, Қарқаралы деп аталатын жер-су аттары бар. Бұл сөздің мағынасы қандай?

Ғазиз НҰРБЕКҰЛЫ, Тараз қаласы

Ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, бұл жөнінде түрлі болжамдар айтылады. Сіздің назарыңызға соның бірін ұсынып отырмыз:

«Қарқаралы – Қарағанды облысындағы тау, өзен, қола дәуіріндегі елді мекен орны, сондай-ақ қазіргі кездегі осы облыстағы қала, аудан және оның орта-лығының атаулары. Ал «Қарқара» атаулы тау, өзен, елді мекен Алматы облысындағы Райымбек ауданында да бар. Екі атаудағы айырмашылық – соңғысында «лы» қосымшасының жоқтығы. Қазіргі қырғыз тілінде «қарқара» сөзінің екі мағынасы кездеседі. Оның бірі біздің тіліміздегі «көкқұтан» деген құс болса, екіншісі – осы құстың қауырсынынан жасалған қыздардың бас киімінің әшекейі. Осы деректер В.Радлов сөздігінде де кездеседі. Түркі тілінде сөйлейтін құмықтарда «қарқара» сөзі қазақ тіліндегі «дене, кеуде, тұлға, сымбат, келбет, пішін, мүсін» деген мағыналарды білдіреді. Тарихқа жүгінсек, Қарқаралы өңірінде VI-VII және VIII – XIII ғасырларда ойып жасалған тас мүсіндердің өте мол екендігін байқаймыз. Олардың ішінде хан мен билердің ғана емес, батырлар мен бойжеткен қыздарға, аналарға арналған мүсіндер молшылық. Осыған байланысты тау қазіргі біздің түсінігіміздей «бейнелі, келбетті, мүсінді» болып аталуы әбден мүмкін. Тағы бір дерек түркі тілдерімен туыстас тұңғыс-манжұр тілдік тобынан табылып отыр. Осы топтағы кейбір тілдерде «калкари» сөзі қазақ тіліндегі «қызыл тал» мағынасында қолданылады. Әдетте жер-су атаулары жаратылысы мен табиғи өсімдіктерге байланысты туып отырғандығын ұмытпаған жөн. Сондықтан қызыл талдың көп, жиі өсуінен де «Қарқаралы» атауының пайда болуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста