Қарақұрт шаққанда не істеу керек?

Қарақұрт шаққанда не істеу керек?

Теледидардан Алматыда қарақұрттың көбейгені жайлы естідім. Қарақұрт шаққанда не істеу керек? Ол адам өміріне қауіпті ме?
Дариға ЕСІРГЕПҚЫЗЫ,
Алматы
Қажығали Кардасинов, «Санитарлық-эпи­демиологиялық сараптама және мо­ни­торинг ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМҚК мамандары:
– Қарақұрт – уы белсенді жәндік. Ол да­­лалы, шөл-шөлейтті жерлерде ме­кен­дей­ді. Қарақұрттың уы жылан уынан 15 есе күшті. Қарақұрт – өрмекші тәріздес жән­дік. Ұрғашысының үлкендігі 1,5-2 см, еркегі 1 см шамасында. Құрсағы дөңгелек пішін­ді, қара түсті. Арқасында қызыл дақ­тары болады. Қарақұрт шаққанда орны қат­ты ауырады, ауырғаны бүкіл денеге тарап, аяқ тартылады. Адамның басы ауы­рады, жүрегі жиі соғып, ентігеді, тілі күр­­меледі, құсады, терлейді, санды­рақ­тай­ды, есінен танады. Тіпті өліп кетуі мүмкін.
Удың таралуының алдын алу үшін уды сорып тастап, шаққан жерін сіріңкемен қүйдіру (шаққан бетте) керек. Қарақұрт уына қарсы сарысуды енгізу қажет.
Сақтық шаралары:
– Далаға түнегенде жерге ұйықтамаңыз.
– Егер қарақұрт шақса, орнын сірің­ке­мен күйдіріңіз.
– Қарақұрт шаққанда ішімдік ішпеңіз. Ішімдік пен у қосылады да нерв жүйесіне әсер етіп, адам естен танады. Мұндай «кок­тейл» адамның тыныс алуын ауыр­латып, адам өліп кетуі мүмкін.
– Қарақұрт шаққаннан кейін 40 минут пен 2 сағат арасында адамның жүріп-тұруы­на жауап беретін арқаның бұлшық еттері босаңсиды. Яғни ол өз бетімен жүре ал­майды. Сондықтан зардап шеккен адам­ды тез арада медициналық мекемеге жет­кізу керек.

Дерек
Қарақұрт шаққанда, жылқы, сиыр, шошқа – 4 күнде, ал түйе 8 күнде өледі, қой мен ешкіге қарақұрт уы дарымайды екен. Қой қарақұртты жеп қоятын көрінеді. Сондықтан бұрын қарақұрт көп болатын жерлерге қой мен ешкіні бағатын болған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста