Қарақалпақстан – заң бойынша егеменді ел
Ресейдің құрамындағы ұлттардың мемлекеттік символдары бар. Ал Өзбекстанға қарасты Қарақалпақстанның өзіндік символдары бар ма?
Ержан АБЫЛҚАҚҰЛЫ, Ақтау
Қарақалпақстан Өзбекстанның солтүстік-батыс территориясында орналасқанмен, бұл елдің Мемлекеттік туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Конституциясы мен Үкіметі бар. Тіпті Конституциясының 1-бабында «Қарақалпақстан – Өзбекстан құрамына енетін егеменді, демократиялы республика» деп көрсетілген. Бұл туралы Өзбекстанның Конституциясында да «Қарақалпақстан тәуелсіздігін алуға құқылы» деп жазылған. Егер Ресейдің құрамындағы елдерді Президенттері билесе, Қарақалпақстанда елдің жоғарғы басшысы, заң шығарушы орган – Жоғарғы Кеңестің төрағасы басқарады. Мемлекеттік символдары болғанмен, қарақалпақтардың төл ақшасы жоқ. Олардың мемлекеттік валютасы – өзбек сумы.