Қарапайым халық ұнататын спорт түрлері

Қарапайым халық ұнататын спорт түрлері

Спорт – денсаулық кепілі. Тілі былдырлап шығып келе жатқан балаларымның өмірін спортпен байланыстырғанын қалаймын. Кәсіби спортшы болу міндет емес. Тек шыныққан шымыр болып өссе болғаны. Осы орайда әлем халқы қай спортпен көбірек шұғылданатынын білгім келеді. Яғни тек кәсіби спортшылардың емес, қарапайым бұқараның да көңілінен шыққан танымал спорт түрі қайсы?!
Тәуекел Жақсылық,
кәсіпкер, Алматы
Халықаралық Олимпиада комитетімен бірле­се жұмыс істейтін Sport for All халықаралық қа­уым­­дастығы әлемде кеңінен таралған 20 спорт тү­рін сараптан өткізіп, үздіктерін таңдады. Зерттеу ба­рысында әлемдегі  200 мемлекеттің кәсіби спорт­шылары ғана емес, спортпен шұғылданатын қа­рапайым тұрғындары да тізімге ілікті.  Сонымен қа­тар спорттық туристер мен балалар спортын­да­ғы басты кейіпкерлер де бар. Зерттеу нәтиже­сін­де әлемдегі ең танымал спорт түрі болып жеңіл ат­летика танылды. Әрине, кәсіпқой желаяқтардан гө­рі әуесқой тұрғындардың қарасы басым екені бел­гілі. Әлем тұрғындарының көбі жүгіру және спорттық жүріспен айналысатыны анықталды. Осы­лайша 9,6 пайыз көрсеткішпен жеңіл атле­тика бірінші орында тұр. Миллиондардың ойыны болса да, футбол көш бастай алған жоқ. Ала доп­қа әуес жандар жеңіл атлетикаға бет бұрғандардан бәрібір көп емес екен. Мамандар зерттеу нысаны ретінде  элитада ойнайтын кәсіби футбол клуб­та­рымен қатар, төменгі дивизионда доп теуіп жүр­ген, әуесқой, мектеп және университет қа­быр­ғасындағы командаларды да есептеді.  Нә­тижесінде футбол 8,4 пайызбен екінші орынға тұ­рақтады.  Үшінші орында суда жүзу спорты тұр. Олим­пиада бағдарламасына енбейтін драйвинг сынды жаттығулар кәсіпқойлардан гөрі қара­пайым тұрғындарға қызығырақ.  Ал жаз келісімен қа­рапайым халықтың аквапарктерге асығатыны – айт­паса да түсінікті жайт. Суда жүзудің неге та­нымал екенін осылайша түсінуге болады. Төртінші орында – йога, бесінші орын – велоспортта. Ве­ло­сипед тебуге  кішкентай сәбилер құмар келеді, сондай-ақ экстрималды спортқа қызығатын әуес­қойлар үшін де екі дөңгелекті спорт құралы өте өтімді тауар болып есептеледі. Бір қызығы,  ең танымал 20 спорт түрінің ішінде Олимпиада бағдарламасына енген тоғыз спорт түрі бар. Қалған 11-і төртжылдық додасының тізіміне енбей қал­ған спорт түрлерінің қатарынан екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста