Қара уылдырықтың қандай түрлері бар? Бұл құнды азық-түлік өнімін қай елдер өндіреді?
Алмасбек Сүйіншәлиев, Ақтөбе облысы
Қара уылдырықты негізі қортпа балықтікі, бекіре уылдырығы және шоқыр уылдырығы деп үшке бөледі. Ал өңдеу әдісіне қарай түйіршікті (дәнекшелерге бөлініп тұратын), паюсты (шоқыр уылдырықтың майлы сұрыбынан жасалған) және ястықты (уылдырық қалдықтарын ястық қабықшасына тұздап жасалған) деп жіктейді. Қортпа уылдырығы бекіре өнімінен де қымбат саналады. Қара уылдырықтың әлемдік өндірісінің 90 пайызы – Каспий теңізіне тиесілі. Қара теңіз, Дунай, Амур жағалауындағы елдер де қара уылдырық өндірісімен айналысады. Негізгі экспорттаушылар: Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Әзірбайжан.
Қара уылдырықтың қанша түрі бар?
Последние статьи автора