Қазір азық-түлік өнімдерінің көпшілігі ұзақ сақталуы үшін қаңылтыр банкілерге салынатыны белгілі. Осы қалбыр ыдыстар алғаш рет қашан пайда болды?
Құндызай ҚАБЫЛҚАЙ, Алматы облысы
Ел арасында «консерві банкі» аталып кеткен қаңылтыр ыдысты алғаш рет 1810 жылы Петер Дюран есімді ағылшын азаматы ойлап тапқан көрінеді. Ағылшын королі ІІІ Георгтан патент алған ол өз жаңалығы үшін Наполеон Бонапарттың 12 мың франк сыйақысына да ие болған екен. Бастапқы кезде өте қалың қаңылтырдан жасалып, тек балғамен ашылатын Дюранның ыдысы сол кезде-ақ өте үлкен сұранысқа ие болады. 1811 жылы арнайы консерві зауыты ашылып, қалбыр ыдыстағы алғашқы азық-түлік өнімдері 1813 жылы британ армиясына жеткізіліпті. Әрине, ағылшын өнертапқышының бұл жаңалығы уақыт ағымына сай жаңарып келеді. Қазір тұтыну тағамдары түрліше безендірілген жіңішке қаңылтыр ыдыстарда шығарылуда. Тіпті дүкен сөрелерінен қалбыр ашуға арналған пышақтардың да түр-түрін кездестіруге болады.
Қаңылтыр ыдыс қайдан шықты?
Последние статьи автора