Өткенде сіздердің газеттеріңізден жиырмадан асқан, спорттық бітімі келіскен Қазақстанның кез келген азаматы футбол төрешісі бола алатыны туралы оқып едім. Менің білгім келетіні, Қазақстан премьер-лигасы мен бірінші лигасында қанша жасқа дейін төрелік етуге болады?
Ринат КЕРІМБЕКОВ, Тараз қаласы
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы Төрешілер және нұсқаушылар департаментінің бекіткен мынадай ережесі бар. Егер премьер-лигаға бірінші рет бас төреші болсаңыз, сіздің жасыңыз сол кезде 36 жастан үлкен болмауы керек. Бірінші рет премьер-лигада қапталдағы төреші болсаңыз, жасыңыз 35-тен үлкен болмауы тиіс. Ал бірінші лигада бірінші рет бас төрешінің қызметін атқаратын арбитрдің жасы 34-тен аспауы тиіс. Қапталдағы төрешінің жасы сол кезде 33-тен үлкен болмауы керек.
Дегенмен бұрынғы футболшыларға бұл талап сәл жеңілдетілген. Егер бұрын кәсіпқой футболшы болсаңыз, премьер-лигада 38 жастан бастап, бірінші лигада 36 жастан бастап бас төрешінің қызметін атқара аласыз.
Алайда бірінші лига төрешісі жеті жыл бойы біліктілігін арттыра алмай, премьер-лига дәрежесіне өтпесе, ол төрешіліктен босатылады.
Сондай-ақ бірінші лигада бас төреші 42 жасқа дейін, қапталдағы төреші 40 жасқа дейін қызмет атқара алады. Ал премьер-лигада бас төреші төреші де, қапталдағы төреші де 48 жасқа дейін арбитрлік қызметін жалғастыра береді.
Қанша жасқа дейін төреші болуға болады?
Последние статьи автора